ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында жүйелі жұмыс атқарып келеді. Жылдың басынан бері департаменттің қолдауымен 22 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді. Сарапшылар бұл тұрақты мониторинг жүргізу, тұрғындардың талап-тілектерін талдау нәтижесінің көрсеткіші, - дейді.

Соның бір жарқын мысалы, ақпан айында Марқакөл ауданында орын алған жағдай. Ведомствоның мәліметінше, департаментке жеке шаруашылық жүргізу үшін жер телімдерін беруден бас тартқан азаматтардан арыз – шағымдар түскен.

Департамент қызметкерлері тексеру жүргізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінде елеулі бұзушылықтарды анықтаған. ҚР әкімшілік рәсімдік – процестік кодексінің 72 – бабына сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән – жайларды жан – жақты, толық және объективті зерттеу үшін шаралар қабылдауға міндетті.

Асхат Оралбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы:

Жер кодексінің 43 бабы 2 бөліміне сәйкес жер комиссиясының құрамы жер ком. 3/2 қатысса отырыс өтті деп саналады. Үш мүше қатысқан.Марқаөл ауданының жер комиссиясы, жер учаскелеріне құқық беруге мүмкіндігі жоқ екендігі туралы қорытынды шығарған.

Сонымен қатар, өтініштерді қарау барысында ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 73-бабының талаптары да бұзылғаны анықталды.

Асхат Оралбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы:

Департаменттің жедел араласуының арқасында көрсетілген қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Аудан әкімінің атына өтініштер қайта қарау қажеттігі туралы хат жолданды. Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.

Мұндай жағдайлар бұзушылықтарды уақтылы анықтауға және жоюға сеп.

Гүлдана Айдарқызы