Ұлан ауданына қарасты Қасым Қайсенов кенті де Ұлыстың ұлы күнін кең көлемде атап өтті. Орталық алаңда тұрғындар мен қонақтар үшін мерекелік сахна құрылып, концерттік бағдарлама, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, жергілікті өнімдердің жәрмеңкесі жайылды.

Мерекелік шара «Қара жорға» ұлттық биімен басталды. Бұл би қазақ халқының рухын, дәстүрін және бай мәдени мұрасын дәріптейді. Шараға ерекше көңіл-күй сыйлаған басты кейіпкерлер – Қыдыр ата мен Жер ана сахнаға шығып, тұрғындарға ақ батасын арнады.

Сондай-ақ шараға Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов та қатысты. Өңір басшысы тұрғындарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Арман Бекбосынов, Ұлан ауданының әкімі:

Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге әр шаңыраққа осы жаңа жылда ырыс пен ынтымақ, бақ береке алып келсін. Үйлеріңізде шаңырақтарыңыз биік, дастархандарыңыз мол болсын.

Келушілерге аудан өнерпаздары өздерінің концертік бағдарламаларын ұсынды. Әуезді ән, мың бұралған би қойылды. Бұдан бөлек, аудан тұрғындары үшін эстрада жұлдыздары «Жігіттер» тобы өнер көрсетті.

Бағлан Әбдірайымов, «Жігіттер» тобының мүшесі:

Жергілікті әкімшілікке, мәдениет басқармасының азаматтарына алғысымызды айтамыз. Жалпы мұсылманның наурыз мерекесінде көрермендермен Жігіттер тобын қауыштырғанына өз басымыз қуаныштымыз. Ел алдында әндерімзді айтып, жылы жүздерін көріп ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Үйткені бірге қосылып айтатын тыңдармандарымыз бар. Жалпы осы наурызға келіп, мереке сыйлай алғанымызға өз басым қуаныштымны.

Концерттік бағдарламадан бөлек, жәрмеңке де ұйымдастырылды. Мұнда қолөнер шеберлерінің ұлттық әшекейлері, тұрмыстық бұйымдар, музыкалық аспаптар және дәстүрлі тағамдар ұсынылған.

Нұртай Тілеужанұлы, Ұлан аудандық мәдениет үйінің қызметкері:

Біздің өңірімізде Наурызнаманың 10 күндігі аясында басталған іс шараның аяғы тиылған жоқ. Орта шебіндеміз. Ұлан ауданының ауылдық окургтерінің барлығында наурызға дейін мерекелік кештерді өткізіп шықтық. Ойындар өткізілді. Соның қортындысын. Орталықта атқарып жатырмыз. Сол ауылдардан кигізүйлер келіп құрылды. Ас суымен келіп, осылай жиналып жатырмыз. Бүгінгі шараларымыз, ұлттық өнер, қол өнер, қой көтеру, қант көтеру, арқан тарту. Бүркітпенен құсбегілеріміз де осында. Көжелер мен тағамдар таратылып жатыр. Ұланда басталған той қазақтің төріндегі құтпен берекеге ұласа берсін.

Бұдан бөлек ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылып, тұрғындар өз ара кім мықтыны анықтады.

Ұлан ауданында өткен Наурыз мерекесі дәстүрді ұлықтаған, ұрпақтар сабақтастығын көрсеткен шараға айналды.

Нұртас Қайролдаев