Өскемендегі Борис Александров атындағы Спорт сарайында хоккейден «Алтын шайба» турнирі өтті. Сайысқа облыстың әр аудан, қалаларынан келген жас спортшылар қатысты.
Турнир 2015–2016 жылы туылған ұлдар арасында ұйымдастырылды. Сайысқа облыстың әр аудан қалаларынан 100 – ден астам спортшыдан құралған 12 команда қатысты. Турнирдің мақсаты – шайбалы хоккейді насихаттау және жас таланттарды мамандандырылған спорт мектептеріне іріктеу.
Руслан Камзин, «Жұлдыз» командасының ойыншысы:
Біз Шемонаиха ауданынан келдік. Менің ойымша, ойын өте тартысты және көңілді өтті. Сайыс керемет деңгейде ұйымдастырылған. Барлығы талапқа сай өтуде.
Турнирге облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов та қатысты. Аймақ басшысы жас спортшыларды құттықтап, сәттілік тіледі. «Торпедо» клубының дәстүрін жалғастырған жас хоккейшілер халықаралық жарыстарда абыройлы өнер көрсетіп жүргенін де тілге тиек етті. Айта кетейік, облыс әкімі бұл турнирге хоккей формасымен арнайы келген.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
16 нөмер ШҚО басты символдарының бірі. Өз аймағымыздың және хоккейдің жанкүйері ретінде осы номерге тапсырыс беріп 16-шы нөмерді алдым.
Сайыс хоккейдің халықаралық федерациясының ережесі бойынша ұйымдастырылған. Турнир дарынды спортшыларды анықтауға бағытталған. Сайыс қортындысы бойынша мықтылар республикалық сайыстарға жолдама алады.
Күнжан Оразаева, «Дарын» Шығыс Қазақстан облыстық дарындылықты және қосымша білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы директорының орынбасары:
Бұл шара елімізде хоккейді дамытуға және осы салада талантты балаларды қолдауға арналған. Әр жыл сайын турнир республикалық жарысқа қатысатын үздік команданы іріктеу мақсатында өткізіледі. Бүгінгі турнирге біздің облыстың қалалары мен аудандарынан 10 команда қатысып отыр. Бұл өте жақсы көрсеткіш.
Мұндай спорттық шаралар жас өрендер үшін үлкен спортқа бастар жол. Кейбірі кубокқа қол жеткізсе, енді бірі – бапкерлердің бағалы тәжірибесін ала алады дейді, ұйымдастырушылар.
Нұртас Қайролдаев