Облыста спорт саласы жүйелі дамып келеді. Соңғы жылдары жаңа нысандар салынып, қолданыстағы кешендер жаңғыртылуда. Нәтижесінде, халықтың спортқа қызығушылығы артып, өңір спортшылары халықаралық ареналарда жоғары көрсеткішке қол жеткізуде.

Бүгінде аймақта 1600-ден астам спорт нысаны халық игілігіне қызмет етіп тұр. Сонымен қатар, жалпы құны миллиардтаған теңгені құрайтын бірқатар ірі жобаның құрылысы жалғасуда. Атап айтқанда, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Бозанбай, Марқакөл, Ақжар және Күршім ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бой көтеруде. Ал Шығыстың бас шаһарында ипподром құрылысы жүргізілуде.

Аида Жұханова, Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы орынбасарының м.а.:

2025 жылы аймақтан жеті жүзден астам спортшы ұлттық құрамаға енген. Қазіргі таңда одан да көп саңлақтарымыз кіріп жатыр. Олар республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары. Ұлттық команда құрамына қабылданған өкілдеріміз республикалық бюджеттен степендия алады. Сондай-ақ бұндай қолдау облыстық қорданда қарастырылған. Қазіргі уақытты 300 ден астам атлеттердің тізімі жасалып, бюджетке өтінім берлді.

Бұдан бөлек, облыс орталығында заманауи волейбол орталығының құрылысы қарқын алған. Бұл нысан алдағы уақытта халықаралық деңгейдегі жарыстарды қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Риддер қаласында жаңа спорт кешені салынып жатыр. Жуырда Айнабұлақ ауылында спорт модулі іске қосылып, ауыл тұрғындарына қолжетімді болды. 2025 жылы өңірде 20-дан астам спорт нысаны пайдалануға берілді. Олардың қатарында Ұлан ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Өскемендегі тау шаңғысы базасы, сондай-ақ бірнеше ауылдағы футбол алаңдары бар. Бұдан бөлек, бірқатар спорт нысандарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, инфрақұрылым жаңартылды

Аида Жұханова, Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы орынбасарының м.а.:

2025 жылы бірінші лигадағы жиырма команда ішінде Алтай-Өскемен клубы жүлделі үшінші орынды иленіп, республикалық премиер лигаға шығуға мүмкіндік алды. 02.12 Соған орай Восток стадионы республикалық матчтарды өткізуге дайындалуда. 04.41 Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңір мақтаныштары барлығы 5700 медаль жеңіп алды. Ол республикалық, халықаралық және облыстық жарыстардан. 04.50 Оның ішінде, 1936 алтын, 1784 күміс және 1980 қола медаль.

Жалпы Шығыста спорт инфрақұрылымын дамыту, бұқаралық спортты қолдау және жоғары жетістіктер спортына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Алдағы уақытта өңір спортшылары ірі халықаралық додаларда ел намысын қорғап, жаңа белестерді бағындыруды көздеп отыр.

Нұрдәулет Қалибеков