Облыста Үлкен Ассамблея студенттік ойындарының ашылуы өтті. Өңір студенттері спорттық және зияткерлік пәндер бойынша өзара кім мықтыны анықтайды. Шараға аймақтағы 7 оқу орны мен облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының командалары қатысуда. Аталмыш сайыс жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда сеп.
Үлкен Ассамблея студенттік ойындары екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Мұнда жастар басқосып, достық қарым – қатынасты нығайтады. Спорттық сайыс аясында қатысушылар волейбол, шағын шутбол және садақ атудан жарысады. Ал, зияткерлік бағытта «ЭтноGAME» және этнокуизойындары ұсынылған.
Равиль Юнусов, облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры:
Алғашқы жарыстың тәжірибесіне сүйене отырып, біз екінші ойындарды өткізудеміз. Шамамен 400-ден астам қатысушы болады деп күтілуде. Әр спорт түріне басқа ойындарға қатыспайтын қатысушылар қатыса алады. Мәселен, футбол мен волейболға шамамен 10 адамнан. Оған қоса қосалқы ойыншылар да бар. Ал, зияткерлік сайысқа 5-7 адамнан тіркеледі. Жанкүйерлер де назардан тыс қалмайды. Ойынның жабылу салтанаты 19-ы күні Ольга Рыпакова атындағы спорт кешенінде өтеді. Мұнда эстафета ұйымдастырылып, қатысушыларға қосымша ұпай беріледі.
Үлкен Ассамблеялық студенттік ойындар өңір жастарының белсенділігін арттырды. Әр қатысушы жеңіске жетуге ниетті. Барлығы жарысқа үлкен жауапкершілікпен қарап, сақадай сай дайындалған.
Диляра Төрегелдиева, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттік ассамблеясының төрағасы:
Менің командамда өте көптеген балалар бар. Жан – жақты. Осы жылы бірінші орынды аламыз деген үміттемін. Өзімізге сенемін.
Жарыстың алғашқы күні шағын футбол, «ЭтноGAME» зияткерлік ойыны өтті. Студенттер өз білімдерін шыңдап, ой – өрісін тексерді. Әртүрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрлері туралы тың мәлімет алды.
Талғат Қилымбеков, Абай атындағы жоғары педагогикалық колледждің студенттік ассамблеясының төрағасы:
Алдыңғы жылы біз осы ойында бірінші орын алғанбыз. Осы жылы да бірінші орынға ат салысып жатырмыз. Осыдан екі ай бұрын ШҚО Ассамблеясы «ЭтноGAME» ойынын сыйлаған болатын екі айдың ішінде біз 5 баламызды дайындап, осы ойынды ойнатқан болатынбыз.
Биыл бағдарламаға шығармашылық тапсырма да қосылды. Онда қатысушылар Достық үйінің макетін жасауы тиіс. Сайыс 19 наурызға дейін жалғасады.
Гүлдана Айдарқызы