Еліміздегі барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Барлық референдум учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де жабылды. Өңір тұрғындары да саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәліметінше, өңірдегі барлық учаскелерде дауыс беру процесі заң талаптарына сай өтті. Енді комиссия мүшелері бюллетеньдерді санап, дауыс беру қорытындысын шығарады.

Жансерік Ысқақов, №1193 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы:

Бүгінгі референдум өз уақытда аяқталды. Бүгінгі референдум сағат 7 де басталды. Бірақта бізе ерекше басталды. Таңертең алты жарымда үлкен ақсақал келіп өз батасын берді. Содан кейін 7 де учаскелерімізді аштық. Қазір сағат сегізден кетті, бюлетендерді санайтын боламыз. Кісі қарасы таңертеңнен тоқтамады. Өте көп кісі келді. Қатысушылар өте белсенді.

Референдум барысында дауыс беру процесінің ашық әрі әділ өтуін байқаушылар да қадағалады. Олар күні бойы учаскелерде болып, дауыс беру барысын бақылап отырды.

Айым Жомартқызы, байқаушы:

Ешқандай құқық бұзушылық болған жоқ. Барлық адамдар өз еркімен келіп дауыстарын беріп жатыр.

Енді референдумның қорытындысын Орталық референдум комиссиясы арнайы отырыста шығарады. Одан кейін нәтижелер хаттама түрінде рәсімделіп, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланады.

Бекарыс Секен