Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумда дауыс берді. Ол өз сөзінде референдумның ел болашағы үшін маңызын және аймақта тұрғындардың өз таңдауын жасауына барлық тиісті жағдайдың жасалғанын атап өтті.
Аймақ басшысы облыс орталығындағы №9 референдум учаскесінде дауыс берді. Ол референдумға отбасымен бірге келіп, белгіленген тәртіпке сай дауыс беру рәсімінен өтіп, өз таңдауын жасады.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Таңертеңнен бері көпшілік тің дауыс беруі қарқыны өте жақсы. Сырттай көріп қуанып отырмын. Бізде келіп ҚР-ның азаматы ретінде өз даусымызды, болашаққа деген даусымызды беріп шығыр келе жатырмыз.
Қазіргі уақытта өңірдегі барлық референдум учаскелері белгіленген тәртіпке сай жұмыс істеуде. Дауыс беру процесінің ашық әрі әділ өтуін байқаушы да бақылап отыр.
Аида Жүнісова, тәуелсіз байқаушы:
Ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Дауыс беруге бәрі бірқалыпты келіп жатыр.
Айта кетейік, республикалық референдум аясында облыс тұрғындары жоғары белсенділік танытып, ел болашағына қатысты маңызды саяси үдеріске бей-жай қарамайтындығын көрсетті.
Түсіпхан Түсіпбеков, қоғам қайраткері:
Өз таңдауымды жасадым. Мен енді байқап тұрмын жастардың келіп жатқандығы дауыс берушіліердің қарасының көптігі менің көңілме қуаныш ұялатады.
Айта кетейік, жалпы облыс бойынша барлығы 533 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 501-і тіркеу орны бойынша, ал 32-сі уақытша болатын орындарда орналасқан.
Бекарыс Секен