Республикалық референдумда ардагерлер де белсенділік танытуда. Таңертеңнен бастап олар № 57 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауда. Аталған учаске Ахмер орта мектебінің ғимаратында орналасқан.
№ 57 референдум учаскесінде тұрғындар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылған. Жас өнерпаздар халыққа ерекше көңіл-күй сыйлады.
Асқар Қапжапаров, № 57 Референдум учаскесі комиссиясының төрағасы:
Бұл науқанға таң атқаннан кісі қауымы жақсы келуде. 18 жасқа толған балалар келіп, оларға өздерінің сый-сыяпаттары берілді. Зейнеткерлер де белсенділік танытып. Әлі де келеді деген ойдамыз. Халық келіп жатыр.
Саяси науқан қатаң бақылауда. Комиссия мүшелері мен тәуелсіз байқаушылар заңдылықтың сақталуын қадағалап отыр.
Олег Фролов, Өскемен қ. ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Өскеменде шамамен 70 мың зейнеткер тұрады. Таңертеңнен бастап сайлау учаскелерінде аға буын өкілдерінің көп екенін байқаған боларсыздар. Соңымыздан ерген жастар қауымы,сондай-ақ еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Бұдан бөлек, референдум учаскелеріне бара алмайтын ардагерлердің өз таңдауын жасауы үшін бар жағдай жасалған. Өскеменнің әр ауданында жылжымалы дауыс беру пункттері ұйымдастырылған.
Аяулым Усинова