ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы құрамына кіретін әскери бөлімдердің мерзімді әскери қызметшілері республикалық референдумға қатысты. Таңсәріден бастап әскери қызметшілер референдум учаскелеріне келіп, белсенді азаматтық ұстанымдарын танытып, елдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға атсалысты.
Таң сәріден бастап республикалық референдум учаскелерінде дауыс беру басталды. Алғашқылардың бірі болып ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері өз азаматтық ұстанымдарын білдірді. Олар референдум учаскелеріне келіп, елдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға қатысты.
Серік Ноғаев, №121 Референдум учаскесі комиссиясының төрағасы:
Әркім өз таңдауын жасады деген ойдамын. Рефефрендум учаскесі сайлау туралы заңның талаптарына сәйкес рәсімделген. Барлық құжаттар, мүліктерөздеріңіз байқап отырғандай жеке құрам бүгін мерекелік көңіл-күйде. Барлық азаматтарымыз жұрыс таңдау жасады деген ойдамын.
Көптеген жас әскери қызметшілер үшін бұл маңызды күн болды. Себебі, кейбір сарбаздар жақында ғана кәмелет жасына толғандықтан, дауыс беруге қатысу олар үшін азаматтық құқықтарын жүзеге асырудағы алғашқы қадам болды.
Ернар Әшірхан, қатардағы жауынгер:
Бүгін мен алғаш рет дауыс беруге қатысып отырмын.Бұл еліміз үшін маңызды оқиға деп санаймын. Әскери қызметте жүрсек те өзіміздің Отандық борышымызды орындауға мүмкіндік берілді. Және де әрбір дауыс өте маңызды деп санаймын. Осы үдеріске қалыспай қатысып отырғаныма өте қатты қуаныштымын.Әрбір азамат өз дауысын беру ол оның міндеті деп санаймын. Ең бастысы еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз әрджайым берік болсын.
Жабраил Хациев, қатардағы жауынгер:
Менің жасым 18 асса да бүгін бірінші рет дауыс беруге қатысып тұрмын. Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік. Әскери қызметте болсақ та, біз тек әскери міндетімізді ғана емес, азаматтық парызымызды да атқарудамыз.
«Айта кету керек, Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында алты референдум учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беруге тек мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер ғана емес, сондай-ақ офицерлер мен сержанттар да қатысуда.
Салтанат Кеңесбекқызы