«Денсаулық дәрігерлік амбулаториясы» ЖШС ұжымымен жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Шараға өңірлік коалиция мүшелері қатысып, медицина қызметкерлерімен пікір алмасты.
Жиында жаңа Ата заң жобасындағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар таныстырылды. Мамандар құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтетін нормаларға, сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік бағыттағы саясатына ерекше мән берілгенін атап өтті. Атап айтқанда, медицина қызметкерлерінің жұмысына енгізілетін өзгерістердің мәні жан-жақты түсіндірілді.
Шынар Боранғалиева, өңірлік коалиция мүшесі:
Медицина қызметкерлерінің құқықтары қорғалмай жататын жағдайлар болады. Сол мәселелерді түсіндіріп, қарапайыым сөзбен жеткізе алдық деп ойлаймын. Жақсы қабылдады.
Дәрігерлер өз кезегінде ұсынылған жаңашылдықтарға қатысты пікірлерін білдіріп, коалиция мүшелеріне көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.
Қаламқас Әбілқасымова, «Денсаулық дәрігерлік амбулаториясы» ЖШС зертхана қызметкері:
Өзіміздің кейбір түсінбей жатқан тұстарымыз болса, ойларымызда тұрған сұрақтарымыз болса бізге келіп, коалиция мүшелерінің айтқан сөздерінен жеткілікті түрде ой алдық деп ойлаймын.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарымен танысуға мүмкіндік алды.
Фатима Тілейханқызы