Облыстық ана мен бала орталығында орналасқан №60 референдум учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр. Мұнда ем алып жатқан пациенттер өз таңдауын жасауда. Мұндағы референдум учаскесінде дауыс беретін 230 адам тіркелген. Олардың арасында жақында ғана босанған аналар бар.

Қазіргі уақытқа дейін 160-қа жуық пациент өз таңдауын жасап үлгерген. Олардың қатарында жақында ғана босанған аналар да бар. Кейбірі сәбиімен бірге келіп, азаматтық міндетін орындауда.

Назерке Нұрмұхамбетова, жас ана:

Осындай дауыс беру мүмкіндігін пайдаланып, мен өз таңдауымды жасадым. Үйткені, елдің болашағы біз үшін де, осы балаларымыз үшін де маңызды деп ойлаймын. Болашақта балаларымыз бейбіт, тыныш, дамыған елде өмір сүргенін қалаймын.

Венера Ақшағанова, жас ана:

Әрбір қазақ азаматы дауыс беру керек деп ойлаймын. Өте дәрігерлерге разымын.

Лариса Кудрявцева, жас ана:

Осында дауыс беру мүмкіндігі болғаны өте жақсы. Әсіресе, жаңа босанған аналар үшін ыңғайлы. Ешқайда бармай-ақ, осы жерде өз таңдауымызды жасай аламыз.

Учаскеде дауыс беру белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылған. Пациенттер үшін арнайы жағдай жасалып, дауыс беру процесі кедергісіз өтіп жатыр.

Зинаида Жукова, комиссия мүшесі :

№60 референдум учаскесінде дауыс беру таңертеңнен белсенді басталды. Мұнда стационарда жатқан пациенттер, жүкті әйелдер және босанған әйелдер дауыс беріп жатыр. Жалпы 230 адамның дауыс беруі жоспарланған. Қазіргі уақытта олардың басым бөлігі, шамамен 200-ге жуық адам өз таңдауын жасап үлгерді. Дауыс беру процесі белсенді өтуде, азаматтар тарапынан ешқандай шағым немесе сұрақтар түскен жоқ.

Мамандардың айтуынша, орталықта жатқан азаматтардың азаматтық құқығын жүзеге асыруы үшін барлық жағдай қарастырылған. Дауыс беру процесі медициналық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған.

Фатима Тілейханқызы