Согра шағын ауданының тұрғындары, ұйымшыл көршілер №49 референдум учаскесіне бірге келіп, дауыс берді. Референдум учаскесіне тұрғындар көтеріңкі көңіл күймен, әндетіп келді. Бұл көшенің халқы тек саяси науқандарда ғана емес, әр мерекені бірге қарсы алуды дәстүрге айналдырған. Бірлігі жарасқан тұрғындар бұл жолы да ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.

Согра шағын ауданы тұрғындары ұйымшылдығымен танымал. Көршілер тек маңызды саяси науқандарда ғана емес, басқа да мерекелерді бірге тойлатуды игі дәстүрге айналдырған. Бірлігі жарасқан тұрғындар бұл жолы да бір кісідей референдум учаскесіне келді. Олар өлең айтып, көтеріңкі көңіл күймен дауыс беріп, өздерінің саналы таңдауын жасады.

Қуандық Ибраев, Согра шағын ауданының тұрғыны:

Бүгін, 15 наурыз күні референдумда дауыс беріп жатырмыз. Бұл – біздің азаматтық борышымыз. Бұл жерге Согра кентінде тұратын көршілерімізбен бірге жиналып келіп, өз таңдауымызды жасадық. Біз бұл кісілермен сенбіліктерде, Наурыз мерекесінде және басқа да қоғамдық шараларда әрдайым бірге боламыз.

Наталья Уколова, Согра шағын ауданының тұрғыны:

Біздің зейнеткерлер кент өміріне белсенді араласады. Қандай мереке болмасы біз үнемі бергеміз. Бүгін де көршілерімізбен бірге жиналып, референдумға ән айтып келдік. Біз үшін бұл – үлкен мереке. Еліміз әрдайым дамып, Қазақстанның болашағы жарқын болсын деп тілейміз. Жастарымыз Тәуелсіз Қазақстанды одан әрі дамыта береді деп сенеміз.

Дауыс беру үшін учаскеге ағылған тұрғындарға барынша жағдай жасалған. Комиссия мүшелері келген жұртқа кеңес беріп, қажетті ақпаратпен қамтып отыр..

Нұртас Қайролдаев