84 ші референдум учаскесі, ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде орналасқан. Мұнда келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында жас музыканттар әннен шашу шашып, өнерлерін ортаға салды.
Референдум учаскесі комиссиясы төрағасының айтуынша, дауыс беру қалыпты режимде өтіп жатыр. Азаматтарға барлық жағдай жасалған.
Болат Қамзин, №84 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы:
Жалпы биылғы өтіп жатқан референдумның маңыздылығы еліміз үшін өте жоғары екенін сезіп жүрміз. Әрбір қазақстандық азамат бұны білсе керек. Қаншама мағлұматтар жарияланды. Баспасөз құралдарында барлығы айтылды. Біздің учаскенің өзінде таңғы 7,00 бері ашылғалы азаматтардың саналы түрде келіп жатқанын байқап отырмыз. Жақсы келіп жатыр. Өзіміз де қуанып жатырмыз. Азаматтарымыз осындай бір маңызды, еліміз үшін, жұртымыз үшін маңызды саяси науқанда қалыс қалмай белсенділік танытып келіп жатқанына өте біз разымыз, қуаныштымыз. Елімізде бейбітшілік, тыныштық болсын.
Дауыс беру барысын байқаушылар қадағалауда. Олар саяси науқан ашық және заң талаптарына сай өтіп жатқандығын айтты.
Жанбіл Әлиев, байқаушы:
Өскемен қаласы бойынша 84 учаскеге келген болатынмын. Осы жерде бақылаушымын. «Ел дауысы» қорының бақылаушысы. Таңғы 5:50 бастап, барлық ережелермен барлығымен қатаң танысып шықтық. Ол осы жерде болып жатқан іс-әрекеттің барлығы заңға сәйкес. Ешқандай құқық бұзушылық болған жоқ.
Учаскеге келуші тұрғындар қарасы көп. Көптеген адамдар референдумға қатысудың маңыздылығын атап өтіп, дауыс беруге отбасымен бірге келген.
Біз бүгін ұлыммен бірге келіп, өз азаматтық ұстанымымызды көрсеттік. Азаматтық борышымызды орындадық.
Еске салайық, бүгін референдум учаскелері кешке дейін жұмыс істейді.
Салтанат Кеңесбекқызы