Облыс орталығында ішкі істер органдарының қызметкерлері республикалық референдумда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде. Өскемен қаласының Полиция басқармасы қызметкерлері әдеттегідей күнделікті жұмыстарын атқаруда. Қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау және азаматтардың құқықтарын қорғау басты міндеттердің бірі. Сондықтан жол қозғалысының қауіпсіздігін бақылау мақсатында арнайы патрульдер қаланың әр учаскесінде қызметте.

Ғабит Абенов, Өскемен қ. ПБ ППБ командирі:

Өскемен қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері бүгін де қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау барысында күнделікті қызметтерін атқаруда. Қала тыныштығы мен қауіпсіздігі әрдайым басты назарда. Бүгінгі күні барлығы 500 таяу полиция қызметкерлері қызмет атқаруда.