Облыстағы референдум учаскелерінде дауыс беру жалғасуда. Мәселен, Жібек маталар комбинаты ауданында орналасқан №95 референдум учаскесінде жұмыс қызу. Таңертеңнен бері келген азаматтардың қатарында көпбалалы аналар мен жас отбасылар көп.
Ел болашағы үшін маңызды күні өз таңдауын жасап, азаматтық ұстанымын білдіруге келгендердің жас ерекшелігі әртүрлі. Кейбір ата-аналар балаларына патриоттық тәрбие беру мақсатында оларды өздерімен бірге алып келген.
Қанат Қасымбеков, қала тұрғыны:
Өзіміздің еліміз үшін, бала -шағамыздың болашағы үшін дауыс беруге келдік семьямызбен. Тәрбие тал бесіктен басталады деп баламызды осы бастан патриоттық сезім ұялату мақсатында баламызды әкеліп тұрмыз.
Салтанат Зәріпханқызы, қала тұрғыны:
Референдумға немерем Әлихан екеуіміз келдік. Қазақстан еліміз аман болсын. Жұртымыз тыныш болып, болашағымыз үлкен үмітте болсын.
Гүлхат Құрманбаева, қала тұрғыны:
Мен ҚР азаматшасы ретінде бүгін адал түрде өз дауысымды беруге келдім. Өздеріңіз байқап тұрғандай барлық халық бүгін белсенді түрде қатысуда. Мен де солардың қатарындамын.
Дауыс беруге келген тұрғындардың айтуынша, мұндай маңызды сәтте әр азамат ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, өз таңдауын жасауда. №95 референдум учаскесінде халықтың көңіл-күйі жақсы, тұрғындар ұйымшылдық танытып, өз азаматтық міндеттерін орындап жатыр.
Жалын Қанатбеков, №95 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы:
КШТ жаңа аудандардың бірі 19 шағын ауданда орналасқан ең көп сайлаушыларды қамтиды. Тұрғындардың барлығы жастар. Таңғы 7,00 бастап сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Азаматтар келіп өз таңдауын жасап жатыр таңертеңнен бері. Көпбалалы аналар келіп, нөмірлерін қойып, көрісу несін өткізіп жатыр. Халықтың көңіл-күйі жақсы.
Референдум учаскелерінде дауыс беру жалғасуда.
Салтанат Кеңесбекқызы