Соғыс ардагері, 103 жастағы Анастасия Светочева да референдум күні өз дауысын берді. Ол ел өміріндегі маңызды саяси оқиғадан тыс қалмауды жөн көрген. Ардагер үшін дауыс беру процесі оның үйінде ұйымдастырылды.
Облыс орталығының әр аумағында жылжымалы референдум пункттері жұмыс істеуде. Бұл — сайлау учаскесіне өздігінен бара алмайтын азаматтарға дауыс беру үшін жасалған мүмкіндік.
Гүлім Таирова, Референдум комиссиясының мүшесі:
Біз Гоголя 28 көшесінде орналасқан дауыс беру бөлімшесінен келіп тұрмыз. Қазір Заводская 11 көшесінде тұратын ең үлкен қарт кісі Анастасия Павловна дауыс беруі үшін барлық жағдайды жасап отырмыз.
Анастасия Светочева денсаулық жағдайына байланысты референдум учаскесіне бара алмаған. Ол дауыс беретін сәтті асыға күткен. Тіпті бұл маңызды күн үшін арнайы киімдерін шығарып, дайындалған. Себебі, ел үшін маңызды саяси оқиғаға қатысу ол үшін үлкен мәнге ие.
Анастасия Светочева, Соғыс ардагері:
Қазақстанның әрбір тұрғынының дауысы өте маңызды деп есептеймін. Әр азамат өзінің дұрыс шешімін қабылдайды деген сенімдемін.
Анастасия Павловна 100-ден асса да жаңалықтарды мұқият қадағалауға тырысады. Елдің ертеңіне алаңдап отырады.
Фатима Тілейханқызы