Республикалық референдум күні барлығы 10402 учаске жұмыс істеді. Дауыс беру процесін елімізден бөлек, 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы бақылады. Олардың негізгі мақсаты - референдум учаскесіндегі жұмыстың жүйелі жүргізілуін, заң талаптарының сақталуын, сондай-ақ ашықтық пен айқындықтың қамтамасыз етілуін қадағалау болды.

Бұл облыс орталығындағы №1193 референдум учаскесі. Мұндағы шараның өту барысын Гүлнафиз Жұмажанова жіті қадағалады. Байқаушының басты міндеті де осы, дауыс беру рәсімдерінің ашықтығын және заңның сақталуын қамтамасыз ету.

Гүлнафиз Жұмажанова, байқаушы:

Байқауды бастадым, бірінші байқаушыдан алдым, қазір бәрі тыныш.

Учаскеде дауыс беру белгіленген талаптарға сай өтті. Тұрғындар үшін арнайы жағдай жасалып, дауыс беру процесі кедергісіз ұйымдастырылды.

Рахат Ибраимова, № 1192 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы:

Биыл бірінші рет сайлауға қатысып отырған адамдар да қатысты. Оларға бір-бір сыйлық бердік.

Комиссия мүшелерінің мәліметінше, учаскеде заңбұзушылық тіркелмеген.

Бекарыс Секен