Бүгін қаладағы №24 мектепте орналасқан №1 референдум учаскесінде тұрғындар белсенді түрде дауыс берді. Таңғы уақыттан бастап келушілер қарасы қалың.
Референдум учаскесінде дауыс беру әлі жалғасып жатыр. Мектеп алаңында мерекелік атмосфера да қалыптасқан. Мұнда жәрмеңке ұйымдастырылып, қала тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынылды.
Ләззат Мәуітхан, № 24 орта мектебінің директоры:
Тұрғындар таңертеңнен бері дауыс беруге ат салыса қатысуда. Бұл шара тек референдумға ғана емес, наурызнама онкүндігіне байланысты, 14 наурыздан бастап мектебімізде наурыз мейрамы өтілуде.
Шара барысында қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері дәріптеліп, көпшілікке ұлттық ойындар көрсетілді. Референдум күні учаскеге келген дауыс берушілер кереметтей мерекелік кештің куәсі болып қайтты.
Айжан Төлеуханқызы, № 24 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Шара барысында ұжымдар, оқушылардың қолдауымен мерекелік концерт қойылды. Әртүрлі ұлттық ойындар ойнатылды. Ас мәзірі болды. Үлкен қазанмен палау жасалды... ұйымдастырылды.
Мұнда мерекелік шара қыза түскен. Алаңда киіз үй, алтыбақан орнатылып, балақайларға ойын-сауық ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар тұрғындардың белсенділігін арттырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік береді.
Фатима Тілейханқызы