Күні бойы референдум учаскелерінде байқаушылар жұмыс істеді. Олар саяси науқанның өткізілуін жоғары бағалап, қатысушылардың белсенділігін атап өтті.
Байқаушылар өз жұмыстарына учаскелік референдум комиссиясы мүшелері тарапынан ешқандай заңбұзушылықсыз кірісті.
Руфит Ахмедзянов, «Дауыс» тәуелсіз байқаушылар коалициясы байқаушыларының үйлестірушісі:
Референдумды бақылауға аккредиттелген азаматтардың барлығы келіп, өз жұмыстарын атқарды. Олар тұрғындардың саяси науқанға қатысу белсенділігі жоғары екенін айтты. Мұны референдум комиссияларының төрағалары мен мүшелері де растап отыр. Біз күні бойы қала ішінде жүріп, сауалнама жүргізіп, жағдайды бақылап жүрдік.Сондықтан жалпы алғанда, бәрі жоғары деңгейде өтті. Қандай да бір болмашы заңбұзушылықтар тіркелсе, олар жедел түрде түзетілді. Яғни тиісті шешімдер қабылданды.
Коалиция тәуелсіз байқаушы болғысы келетін азаматтарды алдын ала даярлаудан өткізді. Оқыту бағдарламасы байқаушылардың өкілеттіктері, учаскелердегі міндет-мақсаттары, сондай – ақ референдум комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша нұсқаулықты қамтыды.
Владимир Землянский, «Дауыс» тәуелсіз байқаушылар коалициясы жедел штабының қызметкері:
Біздің ұйымнан әрбір референдум учаскесінде бір мезгілде бір байқаушы болды. Яғни, екі адам кезектесіп жұмыс істеді. Бірі күннің бірінші жартысында, екіншісі түстен кейін. Қазіргі уақытта біз өз штабымызбен жедел байланыс орнатып отырмыз. Әрбір байқаушымен тікелей байланысып, облыс бойынша ақпарат жинаудамыз.
Байқаушылар референдум учаскелерін дауыс беру процесі аяқталғанға дейін қадағалады.
Гүлдана Айдарқызы