Елімізде отбасы құндылықтарын дәріптейтін ерекше мерекелердің бірі – Шаңырақ күні. Наурызнама онкүндігі аясында өткізелін бұл мейрам – бірлік пен берекенің бастауы. Қоғам тыныштығын күзетіп жүрген тәртіп сақшылары да – өз жанұясының тірегі. Атаулы күнге орай полиция қызметкерінің тыныс – тіршілігімен арна тілшісі танысып қайтты.
Бұл күн әрбір шаңырақтың берекесін арттырып, жақын жандардың қадірін ұғынуға мүмкіндік береді. Полиция қызметкерлері үшін де отбасының орны ерекше. Мирхат Мұхаметқали 2013 жылдан бері осы салада табан тіреп еңбек етіп келеді. Мереке мен демалысқа қарамастан, өз міндеттерін адал атқаруда. Әке жолын жалғап жүрген ол отбасы құндылығын еш ұмытқан емес. Әрдайым биік қояды.
Мирхат Мұхаметқали, Өскемен қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі:
Үш балам бар. Сабағы, садигі жарым бар көмектеседі. Өзі садикке барып, жарты міндеттерімді сол атқарады. Барлық қызметкерлерді Шаңырақ күнімен құттықтағым келеді, барлық отбасына табыс тілеймін, тыныш болсын аралары, жақсы болсын. Жұмыстары алға бассын. Осы саладағы істеп жүрген әрбір азаматтың отбасында барлығы жақсы болсын деп тілеймін.
Мирхат Мұхаметқали жұмыстан қолы қалт етсе, балаларына көңіл бөліп, көмектесуге дайын. Әкесі Тұрыспек Райымханов та осы салада абыройлы еңбектен, құрметті зейнеткерлікке шыққан. Бүгінде керегесі кеңейіп, шаңырағын шаттыққа кенелткен, тәтті немеренің қылығына тоймай отырған отбасы.
Тұрыспек Райымханов, М.Мұхаметқалидің әкесі:
1962 жылы Марқакөл ауданы Горный совхозында дүниеге келгенмін. Содан 1995 жылдан бастап, ішкі істер бөлімінде Үлбі ПБ жұмыс атқардым. Уч.инспектор болдым, 9 жыл аға инспектор болып Үлбі полициясына жұмыс істеп 2007 жылы пенсияға шықтым. Халыққа ұлыма адал жұмыс істесін тек қана аспанымыз ашық болып, береке – бірлік, ынтымақ өсіп келе жатқан немерелеріміз бала-шағаларымыз аман болсын.
Шаңырақ күні – елдің рухани байлығы мен мәдениетінің жаңғыруын көрсететін күн. Бұл мереке жастарды ұлттық құндылықтарға, өз елінің тарихы мен мәдениетіне деген құрметті арттыруға ықпал етеді.
Гүлдана Айдарқызы