Өскеменде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Қала көркін жақсарту» акциясы өтті. «Таза Қазақстан – жастар таңдауы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға ерікті жастар белсене қатысып, аялдамалар мен қоғамдық орындарды заңсыз жарнамалардан тазартты. Игі бастама – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қаланың көркін арттыруға бағытталған.

Игі бастаманы Өскемен қалалық Жастар ресурстық орталығы қолға алған. Мақсат - қоғамдық орындардың тазалығын сақтау. Сол арқылы жастар арасында тазалық мәдениетін қалыптастырып, өскелең ұрпаққа жарқын болашақ сыйалау. Шара барысында еріктілер қаланың бірнеше ауданында аялдамалар мен қоғамдық кеңістіктерді ретке келтірді.

Аслан Бауыржан, Өскемен қ. Жастар ресурстық орталығының директоры:

Таза Қазақстан жобасы аясында біздің жастар орталығы және Өскемен жастары жобаны қолау үстінде. Бүгінгі акция барысында көптеген аялдамалардың заңсыз жарнамаларын жою үстіндеміз. Өскеменнің көркін жақсарту үшін сондай жұмыстар жасалып жатыр.

Анель Шарипжанова, Жастар ресурстық орталығының қалалық волонтерлік фронт-офисінің жетекшісі:

Қазіргі таңда халықаралық еріктілер жылы деп президенттің жарлығымен жарияланған болатын. Осы жылда біздің еріктілер волонтерлер қалада тынбастан еңбек етіп жатыр, қаламыздың мідениетін сақтау үшін, көркін сақтау үшін Таза Қазақстан акциясы аясында Сәтпаев таңғылының бойындағы аялдамаларда қоғамдық жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Жалпы аталған акцияға. Мейірімді жүрек еріктілер клубының мүшелері қатысып жатыр. Акция жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Көріп тұрғандарыңыздай жастар қызу жұмыс жасап жатыр деп айтуға болады. Жалпы бұл акция апта сайын ұйымдастырылып отырады. Таза Қазақстан акциясы аясында түрлі экологиялық жұмыстар осындай қоғамдық жұмыстар жатады деп айтуға болады.

Волонтерлер мұндай шараларға тұрақты қатысып келеді. Олардың айтуынша, заңсыз жарнамаларды тазарту – қала келбетін жақсартумен қатар, тұрғындардың мәдениетін арттыруға да ықпал етеді. Сондықтан волонтерлер бұл бастаманы алдағы уақытта да жалғастыруға ниетті.

Гүлнұр Слямханова, волонтер:

Біз мұндай шараларға жиі қатысамыз. Қазір біз аялдамаларды аралып заңсыз жарнамаларды тазартудамыз. Жарнамаларды тазарту адамдарға септігін тигізеді. Адамдардың көп нәрселерге бейімделмеуіне көмектеседі деп айта аламыз. Сондай ақ бұл біздің қаламыздың тазалығына және адамдардың өзіндік өмір сүруіне септігін тигізеді.

Әлижан Жанарбеков, волонтер:

Бұл қаламыздың көркін сақтауда аса маңызды рөл атқарады. Біз бұған дейін де көптеген шаралар атқардық. Алдағы уақытта да қала тазалығы үшін жұмыс істейміз.

 «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай экологиялық бастамалар алдағы уақытта да жүйелі жалғасын табады.

Нұртас Қайролдаев