Аймақта көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары күшейтілді. Мамандардың айтуынша, өңірде су тасқынының алғашқы толқыны наурыз айының екінші жартысынан басталып, сәуір айының ортасына дейін жалғасады. Осыған байланысты 1 ақпаннан бастап облыс аумағында дайындық режимі енгізілді. Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеуде. Сонымен қатар, су басу қаупі бар әрбір елді мекенге жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметінің жауапты мамандары бекітілген. Егер де жағдай күрделенсе тұрғындарға жедел хабарлаудың бірнеше түрі қарастырылған. Атап айтқанда, сиреналық-дыбыстық құрылғылар, SMS-хабарламалар арқылы ескерту жасалады. Сондай-ақ, «Дармен» мобильді қосымшасы іске қосылады.