Глубокое ауданына қарасты тау шаңғысы базасында сноубордтан ел чемпионаты басталды. Жарыс жолына еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 60-қа жуық спортшы шықты.
Тау бөктерінде сноубордтан өткен кезекті чемпионатқа кәсіби спортшылармен қатар, жасөспірімдер де қатысуда. Бәсекеде Өскемен және Риддер қалаларынан, сондай-ақ Алматы облысының спортшылары бақ сынауда.Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы чемпионаттың деңгейі жоғары. Спортшылардың дайындығы да ерекше. Бұл дода елдегі қысқы спорт түрлерін дамытуға серпін береді. Қатысушылар әр түрлі бағыт бойынша шеберліктерін шыңдауда.
Дүйсенғазы Айтбаев, ШҚО мамандандырылған балалар - жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары:
Кеше келіп, шаңғы трассамен танысу болды. Бүгін жарыстың бірінші күні. Ертең болады, 2 күнге созылады жарыс. Жарысқа сол бар аудандардан, бар облыстардан сноубордшылар келіп жатыр.
Алиса Мельникова білікті спортшылардың бірі. Ол сноуборд спорт түрімен 11 жылдан астам уақыт айналысады. Жақын арада Италияда өтетін Сноубордтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысуды көздеп отыр.
Алиса Мельникова, сноубордтан спорт шебері:
Әрине қобалжу бар, Бұл менің ауқымды жарыстарымның бірі. Күнде тау бөктеріне келіп жаттығып жүрміз. Толқу болғанымен де дайынмын деп айта аламын. Бұған дейін Мәскеудегі Ресей кубогінің халықаралық жарыстарына қатыстым.
Айта кету керек, ел чемпионаты үш күнге жалғасады.
Аяулым Усинова