«Біз – біртұтас Қазақстан халқы» осындай ұранмен Өскеменде ұлттық киім шеруі өтті. Ұлттық құндылықты насихаттауға бағытталған шараға қолөнер шебері, дизайнер мен өнер ұжымдары қатысты.Ұлыстың ұлы күнін ұлықтауға арналған мереке жалпыхалықтық думан ретінде ұйымдастырылды.
Мерекелік думан жарапазан айтқан шерумен басталды.Ең әдемі ұлттық киім киіп қолдарына көк байрақ ұстаған қала тұрғындары мен жастар сауда үйінің ішін ән мен жырға бөледі.
Ұлттық киім шеруі байқау ретінде өтті. Оған қатысқандар «Ең үздік ұлттық образ»,«Ең дәстүрлі образ», «Ең креативті образ», «Отбасылық образ» және «Ең үздік балалар костюмі» аталымы бойынша бағаланды. Ал дизайнерлер өздері тіккен соңғы үлгідегі киімдерін ұсынды.
Ғайша Бейсенова, сәнгер:
Кожадан, мехтан,тастардан,сырғалардан әдемі сәукеле келістіріп істегім келемін. Үнемі новый модельді ойлап отырам.
Облыстық тарихи-өлкетану музейі зергерлік бұйымдардан көрме жайды. Күміспен күптеліп, асыл тастармен безендірілген тарақ,алқа мен жүзік сырғаның сан түрі қойылды.
Алмат Ақышов, Өскемен қаласының әкімі:
Бұл тек қана он күндік тұжырымдама наурызнаманың басы деп білейік. Оның арты 22-наурызға дейін түрлі- түрлі іс шарамен жалғасатын болады. Енді өздеріңіз естідіңіздер 22-күні орталық алаңда Шығыс Қазақстан облысында бірінші рет гинестің рекордтар кітабына енбекшіміз.
Наурыздың-22 күні 3 мың адам атақты «Ақбұлақ» әнінінің әуенін орындамақ. Қазір жаппай домбыра шертуге соңғы дайындық пысықталып жатыр.
Гүлдана Айдарқызы