Өскеменде «9_16» қысқаметражды фильмінің тұсаукесері өтті. Туынды «Заң мен тәртіп – балалық шақ қауіпсіздігінің кепілі» қағидатын негізге алған. Туындыда қазіргі мектептегі буллинг пен кибербуллинг мәселесі, балалар арасындағы достық пен сенім, мұғалімнің қоғамдағы мәртебесі, сондай-ақ отбасы тәрбиесінің маңызы жан-жақты көрініс тапқан.
Фильм көрсетілімі көрермендерге тегін ұсынылды. Шара барысында қонақтар үшін арнайы техника мен қызметтік жабдықтардың көрмесі ұйымдастырлды. Қысқаметражды фильмді тамашалауға 300 ге жуық жас өрендер жиналған. Көрермендердің басым бөлігі облыс орталығындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері.
Әйгерім Бейсенбаева, ШҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювиналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
Самға даму орталығының тапсырысы бойынша полиция депортаментінің қолдауымен 9_16 қысқаметражды фильмінің көрсетілімі өтіп жатыр. Негізгі мақсат оқушылар арасындағы булинг, кибербулингтің алдын алу. Оқушылардың күделікті қауіпсіздік ережелеріне үйрену дағдыларын қалыптасу және кез келген уақытта жеке бас қауіпсіздігін үйренуге бағытталған.
Қарлығаш Жүсіпова, ШҚО ПД ресми өкілі:
Қонақтар үшін мазмұнды бағдарлама дайындалды. Атап айтқанда, арнайы техника мен арнайы қару-жарақ көрмесі,арнайы жасақ қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын көрсету ұйымдастырылды. Осы арқылы біз полиция қызметінің жұмысымен интерактивті түрде таныстыруды мақсат еттік.
«9_16» – жасөспірімдерге арналған қысқаметражды фильм. Онда қазіргі мектеп өміріндегі өзекті мәселелер қозғалады. Туындының басты кейіпкері – 6-сынып оқушысы Санжар. Оның өмірі мектептегі жанжалдар, қысым және өзін іздеу жолы арқылы өрбиді. Әлеуметтік желідегі кибербуллингтен бастап, сыныптағы әділдік пен беделге ұмтылысқа дейінгіжолда баланың өмірінде достық, сенім, білім және ұлттық болмыс сияқты құндылықтар біртіндеп қалыптасады.
Арсен Сағынжан, «SAMGA» даму орталығының оқушысы:
Жалпы бұл фильмінің қысқаша мазмұны қоғамдағы мәселеге қатысты. Ата-ана мен бала арасындағы қарым қатынас, Достық не екенін білдіретін фильм болып келеді. Баланың мектепке гелгенінен бастап көрген жағдайлар мен бірге оқитын сыныптастарының қарымқатынасын көрсетіледі. Фильм булингтен басталып, достықпен аяқталады. Бұл фильм барлығына ұнайды деген ойдамын. Барлығын көруге шақырамын. Алдағы уақытта тағы да фильм түсіреміз деп ойлаймын.
«9_16» фильмінен жасөспірімдер булингтің түрлері туралы тың мағлұматтар ала алады. Туынды өскелең ұрпақтың құқықтық сауатын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызын көрсетеді.
Нұртас Қайролдаев