Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Бұл саясат ел экономикасына қажетті білікті мамандар даярлауға бағытталған. Негізгі бағыттардың бірі – тегін білім беру гранттары. Мемлекеттік білім беру тапсырысы арқылы колледждерде тегін оқу мүмкіндігі қарастырылған. Әсіресе жұмысшы мамандықтарға бөлінетін грант саны жыл сайын артып келеді. Осындай оқу орындарының бірі – қаладағы кәсіптік оқыту орталығы. Бұл орталық мемлекеттік грантқа ие болып, қазіргі таңда мамандар даярлау бағытында табысты жұмыс жүргізіп келеді.
Мемлекет басшысы атап өткендей, қазіргі экономикаға «дипломды заңгерлерден» гөрі, күрделі техниканы меңгерген шеберлер көбірек қажет. Соған сәйкес мамандар түрлі елдерден келген жүргізушілер мен құрылысшылардың жұмыс әдістері әр түрлі болуы мүмкін екендігін айтады. Ал мұндай оқыту орталығы оларды Қазақстанның техникалық талаптары мен қауіпсіздік ережелеріне сәйкестендіріп оқытады.
Сәкен Абдуллин, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:
Оқу орталығы мемлекеттік қолдау бағытында жұмыс істеп жатыр. Кадрларды дайындаудан бастап, кәсіптік білім беру бағдарламалардың орындалуын көздейді. Сондай-ақ, қосымша бағыт аясында қызметкерлерді оқыту, жобаларды әзірлеу, бизнес-жоспарлау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.
Орталықта өндірістегі жазатайым оқиғалар мен апаттық жағдайларды көрнекі түрде көрсету үшін генеративті нейрожелілер қолданылуда. Бұл қызметкерлерге қауіпсіздік талаптарын нақты мысалдар арқылы түсіндіруге мүмкіндік береді. Соңғы жылдары жасанды интеллекттің дамуына байланысты жасанды спикерлер кеңінен қолданылып, цифрлық медиа мен білім саласында маңызды құралға айналып келеді. Бұл – адамның дауысын компьютер арқылы жасанды түрде құрастырып, сөйлете алатын жүйелер. Олар жасанды интеллект, дыбысты синтездеу және мәтінді сөйлеуге айналдыру технологияларына негізделген.
Сергей Марченко, Кәсіптік оқыту орталығының маркетинг және цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы:
Біз спикерлерді аттестаттау үшін және қызметкерлерге дәріс оқитын жасанды спикерлерді жасау мақсатында цифрлық аватарлар технологиясын қолданамыз. Сонымен қатар күрделі enterprise-шешімдерді қолданамыз. Бұл – каскадты нейрожелілер жүйесі. Біз лицензиясын сатып алып, олардың көмегімен түрлі форматтағы цифрлық контент жасаймыз. Бұл компанияларға уақыт пен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Яғни бір бейнематериалды лектордың физикалық қатысуынсыз әртүрлі өңірлерде көрсетуге болады. Бұл оқыту сапасының бірыңғай стандарттарын сақтауға көмектеседі.
Соңғы бірнеше жылда оқу үдерісінің тәжірибеге бағытталуы жұмысқа орналасу деңгейінің жоғары болуы маңызды. Бұл мақсатта оқу орны да кәсіпорындарды дайын кадрлармен қамтып отыр. Себебі оқудың шамамен 70–80 пайызы кәсіпорындардың сұранысына сай өндірістік тәжірибе түрінде өтеді.
Аяулым Усинова