Өскемендегі Жоғары техникалық-гуманитарлық колледжде «Үлбі металлургиялық зауытының автоматтандырылған жобалау және металлургиялық процестер технологиясы» атты жаңа оқу кабинеті ашылды. Заманауи құралдармен жабдықталған аудитория болашақ инженерлерді даярлауға бағытталған. Жоба колледж бен өндіріс арасындағы серіктестікті нығайтып, студенттердің тәжірибелік білімін арттыруды көздейді.
Жаңа кабинет интерактивті панельмен, компьютерлік сыныппен және цифрлық жобалау бағдарламаларымен жабдықталған. Мұнда студенттер металлургиялық процестерді цифрлық форматта модельдеп, автоматтандырылған жобалау жүйелерімен жұмыс істеуді үйренеді. Мамандардың айтуынша, бұл практикалық бағыттағы білім беруді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Ернар Іргебаев, Жоғары техникалық-гуманитарлық колледжінің директоры:
25 орынға осы кабинетті аштық. Болашақ балаларға президентіміз айтқандай жылымыз цифрландыру және жасанды интелект жылы болғандықтан, былтыр жұмысшы мамандық жылы болды сол себепті осы кабинет актуалды деп есептеймін. Болашақ инжинерлердің осы интерактивті инжинерлі графикалық бағдарламалармен жұмыс істеуі өте маңызды. Балалар 2D және 3D мадельдерде жұмыс істеп үйрену үшін. Инжинердік графиканың негізі. Болашақ мамандардың маңызды схемаларды оқи білу, тани білу және сала білу өте маңызды.
Кабинеттің ашылуына Үлбі металлургиялық зауыты мен "Казатомпром" компаниясы қолдау көрсеткен. Өндіріс орындары білім беру жүйесімен тығыз байланыс орнатып, оқу бағдарламаларын жетілдіруге, студенттердің тәжірибеден өтуіне және кейін жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасап отыр. Осындай әріптестік болашақ мамандарды нақты өндіріс талаптарына сай даярлауға жол ашады.
Сергей Бежецкий, "ҮМЗ" АҚ басқарма төрағасы:
Біз жалпы өндірісті кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Қытай компанияларымен **«Үлбі-ТВС» өнімін ұлғайту бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Өндіріс көлемі артқан жағдайда жаңа кадрлар қажет болатыны анық.Әрине, біз жас мамандардың келуіне мүдделіміз және олардың біздің кәсіпорында еңбек етуі үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз.
Болашақ инженерлер заманауи технологиялармен жұмыс істеуді үйреніп, өндірістегі нақты процестерді модельдеу арқылы тәжірибе жинақтай алады. Бұл білім олардың болашақта металлургия саласында сұранысқа ие маман болуына ықпал етеді.
Эльдар Автудинов, студент:
Жалпы кабинет маған өте ұнады. Ол металургиялық процестерді автоматтандыруға көмектеседі. Бізге осы 3D мадельдеу жалпы практикаға көмектеседі деп ойлаймын. Металургиялық процестерді жеңілдетуге немесе жаңа металдар мен пештерді ашуға көмектеседі деп ойлаймын.
Мамандардың пікірінше, мұндай оқу кеңістіктері техникалық білім берудің сапасын арттырып қана қоймай, өңірдегі өндіріс орындарына білікті кадр даярлауға серпін беред
Нұртас Қайролдаев