ҚР ҰҰ «Шығыс» ӨҚ Наурыз мерекесін салтанатты түрде атап өтті. Шараға офицерлер мен сержанттар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Алаңға ақшаңқа екі киіз үй тігіліп, қыз-келіншектер Наурыз көже пісіріп, палау дайындады. Жиналған қонақтар бір-біріне ізгі тілектерін жолдап, ұлттық нақыштағы түрлі киімдерін киіп, мерекеге ерекше сән берді.

Әскери бөлім қызметкерлері Наурыз мерекесін ерекше атап өтті. Олар түрлі кқріністер қойып, өз өнерлерін ортаға салды. Әуезді ән шырқап, келгендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Бағдат Амангелді, ҚР ҰҰ«Шығыс» ӨҚ баспасөз қызметінің бастығы:

Бүгін міне айттың алғашқы күнімен келген наурыз әз мерекесіне ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басқарма офицерлері төрт көз түгел жиналып, плац алаңында кигіз үйлер тігіп, қазағымыздың салт дәстүрлерін әспеттеп, оның ішінде бет ашар, сырға салу, тұсау кесер сынды сынды дәстүрлерімізді көрсетіп жатыр. Оған қоса арқан тарту, гір көтеруден кім мықтыны анықтап жатырмыз. Басты мақсат ұжымды әскерилер тек қатаң тәртіппен емес, ұлттық дәстүрімізді насихаттауға дайын. Сол мерекені тойлауға баршамыз жиналып отырмыз.

Бұл күні әскерилер жиналғандарға сырға салу рәсімін көрсетті.

Мөлдір Кенжебекова, ҚР ҰҰ «Шығыс» ӨҚ тыл басқармасының аға маманы:

Керемет мереке өтіп жатыр. 22 наурызға байланысты әз наурызымыз келді. Сол шарада мен салт дәстүрлерді көрсету барысында сырға салды маған. Өзім тұрмаста болсам да көріністе екінші рет сырға салу бұйырды. Енді сол сырға салу дәстүрін одан әрі білсін деп, салт дәстүрді сақтасын деп с дістүрімізді көрсеттік. Барлығына ұнады деген ойдамын. Өте қуаныштымыз, осындай шаралар көп болса деген ойдамын. Мерекелік атмосфераны ұлттық спорт сайыстары толықтырып, қатысушылар арқан тарту мен гір көтеруден бақ сынасты.

Нұртас Қайролдаев