Шаһарда AMANAT партиясы жанындағы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Шараны партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырды.
Көшпелі отырыс барысында өңірде мәдени туризмді дамыту, жергілікті бастамаларды қолдау сөз болды. Сондай – ақ партияның сайлауалды бағдарламасы аясындағы өңірлік Жол картасында көзделген мәдениет нысандарын салу және жөндеу жұмыстарының жүзеге асырылу барысы талқыланды.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Сонымен қатар өңіріміз туризм орталығы ретінде өз позициясын сенімді түрде нығайтып келеді. Алтай, Марқакөл, Катонқарағай, Зайсан, Бұқтырма тек Қазақстандықтар үшін ғана емес, шетелдік қонақтар үшінде тартымды бағыттарға айналуда.
Бұдан бөлек, күн тәртібінде аймақтық кеңес жұмысының нәтижелері, мәдени саясатты дамыту бағыттары және өңірдің туристік әлеуетін арттыру мәселелері қаралды. Шығыс өңіріндегі тарихи орындарды насихаттау мақсатында анимациялық туындылар түсіру ұсынысы айтылды.
Аманжол Әлтай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Шыныда да Алтай туралы айтса сөз тауысылмайды. Арысын айтпағанда өткен ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов Ақбілек романында оның сұлу табиғатын тебірне суреттеп еді. Сәкен, Илияс Мағжандарға тартып, алаш арыстары түгел жырлады. Алтайдың асқар биігіндей болған, Оралхан Бөкей, Қалихан Ысқақ, Әлібек Асқаров, Дидахмет Әшімханұлы, Асқар Алтай сынды қалымды қаламгерлер өр Алтайдың көркем әдебиеттегі ғажайып галереясын сомдай білді.
Жиынға партия мүшелері, ақындар және бірқатар басқарма басшылары қатысты. Олар өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды. Қатысушылар өзара ашық пікір алмасып, өңірдің мәдени және туристік дамуына қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Нұрдәулет Қалибеков