Өңірде жағдай тұрақты. Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен облыстық әкімдікте көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын пысықтауға арналған кеңес өтті. Жағдайды бағалау мақсатында мамандар Зайсан, Тарбағатай, Үлкен Нарын және Марқакөл аудандарында әуеден барлау жұмыстары жүргізілді.

Отырыста мамандар облыс аумағындағы жалпы жағдайға тоқталды. Қар жамылғысының негізгі қоры таулы аймақтарда шоғырланған. Сондықтан су деңгейін тұрақты бақылап, кез келген жағдайға дайын болу маңызды.

Рашид Блялов, ШҚО ТЖД бастығы:

Жағдайға байланысты жергілікті атқарушы органдармен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 23–26 наурыз аралығында облыстың қауіпті учаскелерінде көшпелі тексерулер мен әуеден мониторинг жүргізілді. Тексеру барысында еріген суды егіс алқаптарына бұру және арықтар мен арналарды тазарту жұмыстары жүргізілді.

Жиын барысында Қазгидромет өкілдері сәуір айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Облыстың көпшілік аудандарында ауа температурасы қалыпты, ал солтүстік-батысында әдеттегіден жоғары деңгейде болады деп күтілуде.

Ләззат Болатқан, «Қазгидромет» РМК ШҚ филиалының директоры:

Ауа райы болжамына келетін болсақ, 27 наурыздан 3 сәуірге дейін облыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, түнгі температура біртіндеп 0…-5°С суытып, -2…+5°С жылынады. Алтай мен Марқакөл аудандарында түнде -10…-7°С, күндіз +7…+12°С-тан +13…+18°С-қа дейін жылы болады деп күтілуде. Алтай мен Марқакөл аудандарында күндізгі температура +3…+8 градус шамасында болады. Сәуір айында облыстың көп бөлігінде орташа температура қалыпты деңгейде, ал солтүстік-батыс бөлігінде, яғни, Ұлан мен Шемонаиха аудандарында нормадан жоғары болады.

Бүгінгі күні өңірдегі жағдай тұрақты. Барлығы мамандардың жіті бақылауында.

Салтанат Кеңесбекқызы