Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуеті зор. Бірегей табиғаты көпті тамсандыратын, тарихи және мәдени мұрасы мол өлке. Бүгінде саланы дамыту мақсатында қандай жұмыстар атқарылуда? Алдағы жоспар қандай? Әріптестерім
Облыста туризмді дамыту экономиканы одан әрі ілгерлеуге серпін береді. Бүгінде бірнеше бағыт бойынша жұмыстар атқарылуда. Экотуризм мен сауықтыру маршруттары, тау шаңғысы демалысы мен іс-шара туризміне ерекше басымдық берілуде. Қазірдің өзінде Қатонқарағай, Зайсан және Алтай аудандарында туристік кластерлер қалыптасуда.
Әлімжан Дайырбаев, облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы:
Жалпы алғанда, 2025 жыл біз үшін қолайлы әрі нәтижелі өтті — төрт ірі жоба іске қосылды. Атап айтқанда, Өскеменде, Алтайда, Риддерде және Қатонқарағайда қонақ үйлер ашылды. Биыл бұдан да ауқымды, өңір үшін маңызды жеке инвестициялық жобаларды жүзеге асыру басталады.
Сонымен қатар инфрақұрылымда қарқынды дамып келеді. Әуежайлар салынуда, автомобиль жолдары мен теміржол вокзалдары жаңғыртылуда, халықаралық бағыттар пысықталуда. Тек өткен жылдың өзінде бұл салаға 21 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды, ал биыл инвестиция көлемі 25 миллиард теңгені құрайды.
Вячеслав Орлов, туризм нұсқаушысы:
Өткен жылдан бастап, жалпы жыл сайын шетелдік туристер ағыны артып келеді. Егер біздің шағын компанияны алсақ, біз туризмді бұрын мүлде болмаған, табиғаты әлі игерілмеген аймақтарды қолжетімді етумен айналысамыз. Бұл, негізінен, шетелдік туристердің басты қызығушылығы. Яғни, олардың өз елдерінде қонақ үйлер де, бес жұлдызды қызмет те жеткілікті, бәрі бар. Бірақ оларда біздегідей табиғат жоқ.
Даму кешенді түрде жүзеге асуда. Туристік аймақтарға апаратын жолдар жаңартылып, жаңа көлік бағыттары ашылуда. Сондай-ақ өңір халықаралық ынтымақтастық деңгейіне шығуда. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, өңір экономикасы жаңаша тыныс алуда.
Салтанат Кеңесбекқызы