Жылыту маусымы басталғалы бері өңірде 200-ден астам өрт оқиғасы тіркелген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО ТЖД өкілдері мәлімдеді Мамандардың сөзінше, өрттердің басым бөлігі тұрғындардың салғырттығы мен қарапайым ережелерді сақтамауынан туындаған.
Аймақта жылыту маусымы жалғасуда. Осы кезеңде тұрғын үй секторында 287 өрт тіркеліп, 21 адам қаза тауып, 21-і әр түрлі деңгейдегі жарақат алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға көп.
Рашид Блялов, ШҚО ТЖД бастығы:
Осы өрттердің 71% тұрғындардың өз қателіктерінен орын алған. Соның ішінде пештерді дұрыс пайдаланбауы 131 өрт жағдайы, электр құралдарын дұрыс пайдаланбау 75 жағдайы. Алайда тұрғын үй секторларын азаматтық қорғау органдарының бақылауына жатпайды. Соған қарамастан депортамент профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, өрттерден адамдардың қаза болмауына бағытталған шараларды жүзеге асырып отырмыз. Бақылауда 2 мыңнан астам пешпен жылытатын үй бар. Оларда әлеуметтік осал топтар тұрады. Солардың барлығы 100% араланып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отыр. Сондай қарау барысында 700 астам бұзушылық анықталды.
Жылыту маусымы басталғалы бері мамандар 91 мыңнан астам үйге барып, тұрғындарға пештер мен электр құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндірген. Бұдан бөлек, оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында 680 көміртек тотығы датчигі орнатылған. Ал соңғы 6 жылда оның саны 17 мыңға жеткен. Алдын алу шарасы аясында 45 азамат, соның ішінде 31 бала аман қалған.
Рашид Блялов, ШҚО ТЖД бастығы:
Салыстырмалы айтсақ биыл өрттердің саны күрт өсуде былтырғы жылмен салыстырғанда. Сондықтан облыс әкімдіктің тарапынан және төтенше жағдай министрлігінің тарапынан осы жұмысты қарқынды маштабты түрде жүргізуге нұсқаулық берілді. Соны жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі брифингке шыққан себебіміз, осыны жеткізіп қарапайым өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау деп есептейміз.
Мамандар жиын соңында тұрғындарға пешті күтіп ұстау мен электр желілерін қауіпсіз пайдаланудың маңызын тағы бір мәрте еске салды.
Нұртас Қайролдаев