Ұлан ауданында білім көрмесі өтті. Шараны Қ.Қайсенов кентіндегі Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектепте игі дәстүрге сай «Білім-инновация» лицейі ұйымдастырылды. Көрмеде жас өрендердің ғылыми жобалары, шығармашылық жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.
Шараға ауданның әр мектебінен жиналған 250-ге жуық оқушы қатысты. Көрме «Сапалы білім, саналы тәрбие – табысты болашақ негізі» тақырыбына арналды.
Рахман Оксюз, Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің директоры:
Мына жердегі мақсатымыз- заманауи білімге сай, ғылымға қызығушылықтарын арттыру үшін қолымыздан келгенше, жастарға осы көрме арқылы лицейіміздің тәжірибесімен бөліскіміз келеді. Дәл осындай көрмені 6 сәуір күні Зайсан қаласында, Тарбағатай ауданында сол нәрсені лицейіміз болып бірге бөлісеміз.
Көрмеде лицей оқушылары жиналған қауымды ғылыми жобалары, тың бастамаларымен таныстырды. Көпшілік назарына робототехника, ІТ және жаратылыстану бағытындағы жұмыстар ұсынылды.
Жанболат Омар, Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің оқушысы:
Біз бұл жобаны істеп жатқан себебіміз- жастарға кәсіби бағдар беру үшін. Біздің жобамыз- робототехника. Біз бұл жерде жастарға қалай робот құрастыруды, бағдарламаларды жазуды түсіндіріп жатырмыз.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, олардың жан-жақты дамуына жол ашады.
Ринат Джаманбаев, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы:
Дәстүрлі жылдан-жылға өтіп отырады. Биылғы ерекшелігі- білім- инновация лицейінің оқушыларының республикалық, халықаралық деңгейдегі жобаларын балаларға көрсетеді. Мұның мақсаты- біздің де оқушыларымыз осыны көріп, ертең осындай жетістікке жетсе деген мақсатта ұйымдастырылып отыр.
Ал оқушылар жағы көрменің берері мол деп отыр. Мұнда олар түрлі жобалармен танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Төре Қабдуәлиев, Р.Мәрсеков атындағы орта мектептің оқушысы
Көрме өте қызықты болып жатыр. Мен өзім робототехникаға қызығамын. Қаладағы лицейде болсам, сол жаққа оқуға түсемін.
Білім көрмесі алдағы уақытта Зайсан және Тарбағатай аудандарында жалғасын таппақ. Дәл осындай бастамалар дарынды оқушыларды қолдап, олардың болашаққа нық қадам жасауына мүмкіндік береді.
Әмина Бақытбекова