Облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапхананың конференц-залы заман талабына сай жаңартылды. Заманауи мультимедиялық алаң сапалы техникалық жабдықтармен және жайлы жиһазбен қамтамасыз етілді. Мұнда келетін қонақтар мен оқырмандарға қолайлы жағдай жасалды. Жөндеу жұмыстары Казцинк компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды.

Облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапханаға 20 жылдан астам уақыт бойы мұндай ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Түрлі шараларда қаншама жанның басын қосатын бұл зал енді бұрынғыдан да заманауи бола түсті. Жобаны жүзеге асыруға Казцинк компаниясы 20 миллион теңгеден астам қаражат бөлді.

Андрей Лазарев, «Казцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры:

Цифрлық технологиялар дәуірінде кітапты өткеннің еншісіне жатқызатындар бар. Яғни кітаптың болашағы жоқ, өйткені барлығы гаджеттер мен экрандарға көшті деген пікір қалыптасқан. Алайда менің ойымша, кітаптың болашағы зор. Бүгінгі А. С. Пушкин атындағы кітапхана мысалы соның айқын дәлелі. Кітапхана кеңістігі жаңа білім алуға, қарым-қатынас жасауға, заманауи технологияларды пайдалануға болатын мәдени орталыққа айнала алады. Бүгін таныстырылып отырған экран кітапханадағы іс-шаралар үшін ғана емес, қалада өтетін маңызды оқиғалар барысында да интерактивті режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Зал заманауи LED-экранмен, жайлы жиһазбен қамтамасыз етілген. Қолда бар мүмкіндіктердің арқасында мұнда ғылыми конференциялар мен шығармашылық іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.

Назымгүл Тілеубекова, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана директоры:

Казцинк компаниясының қолдауымен біздік конференц залға күрделі жұмыс өткізілді. Біздің конференц залға Led экран орнатылды. Тағы да басқа жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Казцинк компаниясына біз өте ризашылығымызды білдіреміз. Өйткені ол кісілер бізге үнемі қолдау көрсетіп жатады. Біздің пушкин кітапханасы ең ірі болғандықтан осы өңіріміздегі біздің кітапханамызға көп оқырмен келеді. Қонақтар келедің. Әртүрлі шаралар өтеді. Енді осы біздің әдемі, заманауи конференц залымызда шаралардың барлығы жаңа форматта жаңа деңгейде өтеді деп үміттенеміз.

Кітапхана заман талабына сай дамып келеді, ал оның жаңаруы оқырмандарды қуантары сөзсіз.

Жауһаз Бабаханова, қала тұрғыны:

Енді мынадай тамаша зал ашылып жатқанда қалай келмеске, бүгін сондай қуаныштымыз. Құтты болсын. Бұл жерде керемет іс-шаралар өте берсін. Әркімнің бағы жанатын зал деп ойлаймын. Жасап берген ұжымға үлкен рахмет. Өте кең, іші әдемі. Сондай көркем екен.

Салтанат Кеңеңсбекқызы