Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жоғары білім беру жүйесін жаңғыртуға арналған реформалар талқыланды. Жиында елдегі сұранысы төмен мамандықтардың тізімі қаралып, еңбек нарығына қажетті, бәсекеге қабілетті бағыттарды енгізу жолдары сараланды. Толығырақ тілші сюжетінде.

Басқосуда профессорлық-оқытушылық құрам өкілдері білім беру жүйесін трансформациялауға бағытталған ауқымды өзгерістерді талқылады. Айта кетейік, елде 700-ден астам білім беру бағдарламасын оңтайландыру және болашаққа бағдарланған 21 басым бағытқа көшу көзделген. Олардың қатарында жасанды интеллект, деректерді талдау, биоинженерия секілді жаңа салалар бар.

Мұхтар Төлеген, С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры:

Білім бағдарламалары оңтайландыру еңбек нарығына сәйкестендіруді білдіреді. Біз бұл жұмыстың бәрін бастап кеттік қазірдің өзіңде. 25 оқу бағдарламалары бойынша оқуды тоқтаттық. Ал 13 бағдарлама мүлде алып тастадық. Қазіргі таңның өзінде біз гидроэкология, орман шаруашылығы, ядролық физика мен радиэкология мамандықтар аштық. Сондай-ақ робототехника жасанды интеллект деген жаңа мамандықтарды ашып, заманның талабына сәйкес білім бағдарламаларымен жұмыс жасап жатырмыз.

Жаңа білім беру бағдарламалары өңірдегі жетекші кәсіпорындармен бірлесе әзірленуде. Бұл тәсіл жұмыс берушілердің нақты сұранысын ескеріп, нарыққа бейімделген мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Ержан Домалатов, С. Аманжолов атындағы ШҚУ Академиялық саясат департаментінің директоры:

Осы басымдықтар аясында өңірдегі ірі өндірістік кәсіпорындармен тиімді әріптестік нығайып, білім беру мазмұны еңбек нарығының нақты сұранысына сәйкес жаңартылуда. Нәтижесінде, заманауи тәсілдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті кадрлар даярланады.

Жалпы, жоғары білім беру жүйесіндегі реформалар кадр даярлау сапасын арттырып, сұранысқа ие мамандықтардың орнын толтыру. Нәтижесінде түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі арта түседі.

Бекарыс Секен