Елде мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қолдау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Түрлі мемлекеттік қолдау шаралары қолға алынған. Қаржылай төлемдер ғана емес, дәрі-дәрмек, санаторий-курорттық емдеу, жеке көмекшілердің көрсетілетін қызметтері де қарастырылған.

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі – мүгедектікті және еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін анықтайды. Осылайша, мемлекет тарапынан түрлі әлеуметтік көмек көрсетіліп, жәрдемақы тағайындалады.

Ринат Амирханов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің № 1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы:

Мемлекет тарапынан әлеуметтік қосымша тірек-қимыл аппараттары, оңалту шаралары, гигиеналық заттар негіздемесіне байланысты беріледі. Протездер, кресло коляскалар, таяқтар әртүрлі гигиеналық заттар және де ем шара реаблитациялық оңалту орталыықтарына, санаториялық курорттық ем.

Сала мамандары, орталыққа келген әр азаматты қажетті ақпаратпен қамтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Құқықтық көмек көрсетіп, құжаттарын түгендеуге жәрдемдеседі.

Жанна Самуратова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:

Бөлімнің негізгі міндеті зейнетақы тағайындау, сонымен қатар мүгедектік танылған адамдарға әлеуметтік қолдау. Халыққа мемлекеттік қызметтің 17 түрін көрсетеміз.

Дина Уальжанова бір жыл бұрын құжаттарын түгендеп, зейнетке шыққан. Қала тұрғыны мекеме қызметкерлеріне дән риза.

Дина Уальжанова, қала тұрғыны:

Мен өткен жылдан бері зейнеттемін. Қазір зейнетке шығуға дайындалып жүрген жандарға айтарым ертерек, тіпті 1-2 жыл бұрын қамданған жөн. Құжаттарды ретке келтіру қажет. Себебі, бұл көп уақытты қажет етеді.

Сала мамандарының айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары игі жалғасын таба бермек.

Сая Жарасқызы