Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде орналасқан «Лу Бань шеберханасы» — еліміздегі халықаралық деңгейдегі алғашқы инженерлік-техникалық білім беру жобаларының бірі. 2023 жылы ашылған бұл орталық студенттерге заманауи қытайлық технологияларды меңгеруге, автоматтандыру мен робототехника саласында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Бүгінде мұнда болашақ мамандар «ақылды өндіріс» жүйелерімен жұмыс істеп, өндірістегі нақты процестерді тәжірибе жүзінде игеріп жатыр. Жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған шеберхана — теория мен практиканы ұштастыратын бірегей алаң.
Сейітқан Арыс, ЖОО студенті:
Лубань шеберханасында біз гибридті автомбиль іштен жану двигательі туралы, электромобиль туралы оқимыз. Соларды қалай бөлшектеу, қалай жинақтау жәнәе де қалай диагностика жасау туралы оқимыз.
Жобаның басты мақсаты — білікті инженерлік кадрлар даярлау, студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамыту және Қазақстан мен Қытай арасындағы білім мен технология алмасуын нығайту. Бұдан бөлек, зерттеу орталығы үш бағыт бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар Көлік саласындағы смарт техналогия және жасанды интелект бөлімі мен заманауи жаңа көліктік құралдардың құрылымы оларды диагностикалу және техникалық қызмет көрсету бөлімі мен инженеринг орталығы электро мобиль гибридті көлікті диагностикалау мен автолпилоттық техналогия бөлімдерінен тұрады.
Мұрат Мұздыбаев, Көлік, көлік техникасы және технологиялары білім беру бағдарламасының жетекшісі:
Осы жерде қойылған автопилоттар, олар жай ғана көліктік қүралдар емес. Оған берілген қосымша құралдары бар ерекше бағдаршам барлығы интернетпен қосылған. Осы заманауи техналогияларды оқушылармыз қарайды.
«Лу Бань шеберханасы» — тек оқу орталығы ғана емес, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің нақты көрінісі. Бұл жоба отандық техникалық білім берудің жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын көрсетеді.
Нұрдәулет Қалибеков