Ғылымды ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға үйрету маңызды. Аймақ ғалымдары тың жобалар арқылы бұл істі қолға алған. Жүйелі жұмыстар бүгінде өз жемісін беруде.

Ғылыми-тәжірибелік жоба аясында әзірленген әмбебап оқу партасы бірден көзге түседі. Ол түзету орталықтарында және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар оқитын мектептердің бастауыш сыныптарында таптырмас құрал. Құрылымы жағынан да толығымен ыңғайлы етіп ойластырылған.

Досым Ерболатұлы, жоба жетекшісі:

Бұл құрал ең ыңғайлы, әрі қолданыста жеңіл. Мәселен, бұл үстелдің тақтасында еңкею бұрышы бар. Өте ыңғайлы. Үстелдің биіктігі реттеледі, сондай-ақ логопедиялық айнасы бар жылжымалы жақтауы бар. Дөңгелектерінің болуы да маңызды рөл атқарады. Бір қызығы, үстелді мүгедектер арбасына да, орындыққа да бейімдеуге болады. Орындықты да өзіміз жасап шығарамыз.

Сала мамандары, мұндай шешімдер балалардың және олармен күн сайын жұмыс істейтін мамандардың нақты қажеттіліктерін ескере отырып жасалатындығын еске салды. Жоба инженерлік технологияларды, педагогикалық тәжірибені және инклюзивті білім беру қағидаттарын ұштастырады.