Аймақта мектеп директорларының тапшылығы байқалады. Қазір өңірдегі 48 мектепте басшы жоқ. Сонымен қатар, облыстағы білім ордаларына 100-ге жуық мұғалім қажет. Әсіресе, шалғай аудандарда мәселе өзекті.

Басқарма басшысы Қуат Оқасовтың айтуынша, көптеген мұғалімдер басшылық қызметке қарағанда, сабақ беруді жөн көреді. Себебі, жалақысы жоғары. Бірақ, облыста педагог мамандары да жетіспейді. Әсіресе Алтай, Марқакөл аудандары мен Ұлан өңірінде мұғалімдер тапшы.

Қуат Оқасов, Облыстық білім басқармасының басшысы:

Шалғайдағы ауылдарда мектеп басшылары жоқ. Неге десеңіз көп бара қоймайды. Екіншіден жауапкершілігі жоғары лауазымдар, үшіншіден мұғалімдердің жалақысы мектеп директорынан көбірек. Осы үш мәселе бар. Оғар біз қандай жұмыс жасайымыз: Біз ай сайын конкурстар өткіземіз, өткен айда он мектеп басшылығана өтініш түсті оның 8 і ғана өтті.

Аймақта кадр тарту үшін түрлі бағдарламалар да қарастырылуда. Оның ішінде қоныс аудару жобалары мен ынталандыру шаралары бар.

Бекарыс Секен