Шығыс Қазақстан облысында ерекше қажеттіліктері бар адамдар саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде өңірде 29 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тіркелсе, оның 3 мыңнан астамы – балалар. Мамандардың айтуынша, бұл бағыттағы әлеуметтік қолдауды күшейту – уақыт талабы. Осы орайда Күршім ауданында ерекше балалар мен олардың ата-аналарына арналған жаңа орталық ашылды. Шара аясында ата-аналар сала мамандарынан кеңес алып, пікір алмасты.
Күршім ауданында ашылған жаңа орталық – өңірдегі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін кеңейтудің нақты мысалы. Қазіргі таңда облыста ерекше күтімді қажет ететін балалар саны артып, оларды сапалы қолдау мәселесі өзекті болып отыр. Осыған байланысты мұндай орталықтарды аудан деңгейінде дамыту – маңызды міндеттердің бірі, дейді «DEMEY» оңалту жене түзету орталығының басшысы Мадина Әуренова
Мадина Ауренова, «DEMEY» оңалту және түзету орталығының басшысы:
Ерекше балаларды тәрбиелейтін ата-анаға тек психологиялық және құқықтық қолдау ғана емес, сонымен қатар айналасындағы назары және орлардың жай ғана жылы сөзі. Олардың өз ара қарым қатынас жасайтын ортының ұйымдастырылуы өте маңызды. Бір ата-анаға тек екінші ата-ана ғана көмектесе алады. Сондықтан осындай орталардың ашылуын ерекше баланың анасы ретінде өте құнды деп табамын және маман ретінде бұл шараның тиімділігін де атап өткім келеді.
Жаңа орталық заман талабына сай жабдықталған. Мұнда балаларға арналған арнайы кабинеттер, түзету-дамыту құралдары бар. Бұдан бөлек, ата-аналарға арналған демалыс және қарым-қатынас аймағы қарастырылған. Орталық алдағы уақытта аналарға арналған комьюнити алаң ретінде де жұмыс істеуді көздеп отыр.
Айжан Кәкенова, «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығының дефектологі:
Бізге барлық Шығыс Қазақстан өңіріндегі осы ерекше балаларға, аутизм спекторы бұзылған балалар бізге жүгінеді біз оларға қолдау көрсетіге, оларға көмек қолын созуға дайынбыз. Балаларға ғана емес ата-аналарды қолдау тренигі бар. Аудандардан келетін адамдарға қиынғой, жол жүріп келеді 500км астам. Одан бөлек туыстары жоқ азаматтар квартира жалдап тұруы керек оның өзі қымбат, ата-ана қалтасын соғады. Күршім ауданында ерекше адамдарға ашылып отырған оралық өте қуантарлық жағдай. Барлық аудандар мен ауылдық окуртерде осындай орталықтар ашылса оларға біз көмек қолын созуға, мамандар мен ата-анаға көмек қолын созуға дайынбыз.
Кездесу барысында ерекше балаларды тәрбиелеудегі негізгі мәселелер талқыланды. Ата-аналарға әлеуметтік қолдау, оңалту қызметтері, мемлекеттік бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Роллан Нұрланұлы, Күршім ауданы әкімінің орынбасары:
25-жылы ата-аналар аудан әкіміне келіп дөңгелек үстел өткізген болатын. Сол кездесуде осындай орталық ашу ұсынылған болатын. Соған былтыр жөндеу жұмыстары жүргізіліп арнайы орталық қылып ашып отырмыз. Мұнда ата-аналар өз ара әңгімелесіп, психологтарға басқа да мамандарға жүгінуге мүмкіндік бар. Балаларға арнайы бөлмелер бар. Онда шығармашылықпен айналыса алады. Бұл орталықты осылай қалдырмай болашақта мамандармен қамтамасыз ету және де ары қарай оны жандандыру үшін жұмыстар жүргізілетін болады.
Ата-аналардың айтуынша, мұндай орталықтың ашылуы – үлкен қуаныш. Себебі, енді олар балаларына қажетті көмекті бір жерде алып қана қоймай, өзара тәжірибе алмасып, қолдау таба алады. Қазірдің өзінде орталық қызметіне қызығушылық танытып отырғандар бар.
Жиын барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Алдағы уақытта орталыққа маман тарту және заманауи құрал-жабдықтармен толықтыру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуді арттырып, ерекше қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін қолдауды күшейтуге мүмкіндік береді.