Облыс орталығынан шалғай жатқан Тарбағатай ауданында тіршілік қайнап тұр. Бүгінгі таңда ауыл аралық жолдар жөнделіп, көшелер абаттандырылып, жарықтандырылуда. Жер - жерде әлеуметтік нысандар құрылысы жүргізіліп, халықтың сапалы өмір сүру деңгейін арттыруға негізделген жобалар жүзеге асырылуда. Әсіресе, Ақжар ауылында ауыз толтырып айтарлық шаруа тындырылды. Балалар алаңдары салынып, орталық стадион жаңартылуда.

Бұл алаң ақжарлық балалардың бос уақытын өткізетін сүйікті орынына айналды. Заманауи үлгіде салынған ойын алаңында әткеншек теуіп, сырғанақпен сырғанауға болады. Ал спорт алаңында түрлі жаттығулар жасауға арналған құрылғылар қойылған.

Ақжардағы Ойши шағын ауданы мен «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлер аумағында балалардың ойын және шағын футбол алаңын салу жоспарда бар.

Бұдан бөлек аудан орталығындағы стадионда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қайта жөндеу жұмыстарына Республикалық және облыстық бюджеттен 262,7 миллион теңге қарасытрылды. Бүгінгі таңда Ақжарда халықтың бос уақыт тиімді ұйымдастыруына барынша жағдай жасалуда.

Аудан орталығынан шалғай жатқан ауылдарда медициналық пунктердің ашылуы тұрғындардың сапалы көмек алуына мүмкіндік берді.

Мұның барлығы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған игі бастамалардың бір парасы ғана. Осы бағытта атқарар шаруа, жүзеге асуы тиіс жобалар қатары әлі де көп екені анық.