Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау жүйесі 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілді. Жаңа қадағалау тетігі дәрінің зауыттан бастап дәріханада сатылуына дейінгі бүкіл жолын қамтиды. Бұл – дәрі-дәрмек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сапасын бақылауға және жалған өнімдердің заңсыз айналымына тосқауыл қоюға бағытталған маңызды қадам. Игі бастама бүгінде өңірде де кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бұл тетік өте маңызды. Енді барлық дәрілік заттарда бірегей Data Matrix коды болуы тиіс. Әрбір сатып алушы «Naqty Onim» қосымшасы арқылы осы бірегей кодты бірнеше секундта сканерлеп, дәрінің түпнұсқалығы мен заңдылығына көз жеткізе алады.Таңбалау мен қадағалау жүйесіне медициналық ұйымдар саласындағы барлық субъектілер кіреді. Олардың қатарында өндірушілер, көтерме тарату ұйымдары, дистрибьюторлар, дәріханалар мен емдеу мекемелері бар.
Мақпал Рахимжанова, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің ШҚО бойынша Департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы:
Бұл жобаның басты мақсаты – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген шеңберінде МӘМС көлеміндегі заңсыз жолын кесу. Өз кезегінде азаматтардың қауіпсіздігіне әсері сөзсіз. Қазіргі таңда дәрілік заттар айналымын ҚР ДСМ жағынан үлкен қадағалау жүргізіліп отыр. Бұл жерде медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО, ШҚО ДСБ, медициналық ұйымдардың, дәріханалардың, дистрюбитрлардың дәрілік заттарды қабылдауы мен айналымнан шығаруын күнделікті бақылап, күнделікті бақылдауда қатаң ұсталып отыр.
Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы – жаңа жүйені тәжірибеде қолданып жатқан медициналық мекемелердің бірі. Мұнда дәрілік заттардың қозғалысы толықтай бақыланып отырады. Бұл орталықта дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бөлімі жұмыс істейді.
Ажар Қайратқызы, Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының бөлім басшысының м.а.:
Біздің бөлімде 5 фармацевт маманы және 1 провизор маманы жұмыс атқарады. Таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеу приципі – дәрілік заттарды өндірушіден тұтынушыға дейінгі барлық процесстерін айқын көруге мүмкіндік береді. Біздің бөлімде таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс жасау негізгі 3 кезеңнен тұрады. Бірінші – дәрілік заттарды қабылдап алу, екінші – дәрілік заттармен науқастарды қамтамасыз ету және де үшінші – қамтамасыз етілген дәрілік заттарды айналымнан шығару.
Мамандардың айтуынша, таңбалау жүйесі дәрі-дәрмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп ғана қоймай, азаматтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған. Алдағы уақытта бұл жүйе денсаулық сақтау саласындағы бақылау тиімділігін едәуір арттырады деп күтілуде.
Фатима Тілейханқызы, Асхат Ордыбаев, «Алтай-Ақпарат»