Бүгінгі күні облыс бойынша өз таңдауын жасау үшін 15 азаматқа есептен шығару куәлігі берілді. Бұл құжат арқылы 15 наурызда өтетін республикалық референдум кезінде азаматтар тұрғылықты жерінен тыс жерде таңдау жасай алады. Есептен шығару куәлігі азаматтың жеке басын куәландыратын құжат негізінде тиісті референдум комиссиясы арқылы беріледі.
Есептен шығару куәліктері 27 ақпаннан бастап беріле бастады. Ол тек бір рет қана пайдаланылады. Референдум күні азамат таңдаған учаскеге есептен шығару куәлігін және жеке куәлігінің түпнұсқасын не болмаса электрондық нұсқасын ұсыну арқылы сол учаскенің тізіміне енгізіледі. Сонымен қатар ескеретін тағы бір мәселе бір елді мекен аумағында есептен шығару куәліктері берілмейді.
Жанар Алқанова, ШҚО референдум комиссиясы төрағасының орынбасары:
Қазіргі уақытта республикалық референдум өткізілетін күні егер де референдумға қатысатын азамат өзігнің тұрғылықты жерінен басқа елді мекенге баратын болса, онда тіркелген жері бойынша есептен шығару куәлігін алуға болады. Есептен шығару куәлігі 2026 жылдың 14 наурызы сағат 18.00 дейін жүргізіледі. Ол республикалық референдум өткізілген күні барған жері бойынша осы есептен шығару куәлігін көрсетеді. Ол жерде азаматты тіркеуге енгізіп, дауыс беруге мүмкіндік береді және де есептен шығару куәлігі сол учаскеде қалдырылады. Қазіргі уақытта республикалық референдумға қатысып отырған әр азамат өзінің дауыс беру участігі бойынша әр сайтта аудандардың әкімдіктің сайттарында орналасқан ақпаратты алуға болады және де әр ауданда колл центр жұмыс істейді. Сол жерден қажетті мәлімет алуларына болады.