Өңірлік коалиция өкілдері кезекті «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Тұрғындарға әділ қоғам қалыптастыруда жаңа заң жобасы ықпал ететіндігін айтты. Мемлекеттік маңызы бар құжат елді басқару жүйесін жетілдіруде де көмек көрсетпек. Бұдан бөлек, жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтетіндігін атап өтті.
Коалиция мүшелері қала тұрғындарына жаңа Конституция жобасын түсіндіріп, ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жолы ақпараттық топ «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғын үй кешендерін аралады.
Қорлан Туғамбаева, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ төрағасы:
Біздің облысымыздың жалпыұлттық коалиция мүшелері мен белсенділері күнделікті Есіктен есікке акциясын, үгіт-насихат ақпараттық қағаздарын сауда орындарында, дүкендерде жалпы халық көп жиналатын жерлерде іліп, жапсырып осындай жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Өскемен қаласының көпқабатты үйлерінің біріне келдік. Халықтың көңіл-күйі өте жақсы. Тұрғындарымыз сайлауды 15 наурызда болатындығын біледі.
Сая Жарасқызы