2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші қарқынды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, бөлшек сауда тауар айналымы, құрылыс жұмыстары және негізгі капиталға инвестиция тарту деңгейі артқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте салалық департамент басшысы Ерназ Нұрланов мәлімдеді.

2025 жылы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 трлн. асты. Өнеркәсіп өндірісінің индексі 95% құрады. Ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 556,4 млрд. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 102% құрады.

Ерназ Нұрланов, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша департаментінің басшысы:

Ауыл шаруашылығы республикалық көлемінің 5.7 пайызын біздің өңір өндірді. 2025 ж қаңтар-желтоқсанда 2024ж сәйкес кезеңмен салыстырғанда мал шаруашылығы өнім көлемі 23,6 пайызға, өсімдік шаруашылығы 16,6 пайызға артты. Ет өндірудің үлес салмағы бойынша республикалық көлемде облыс 4-ші, сүт өндіруден 5-ші орынды иеленді.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1 трлн. 402,5 мрд. теңгені құрады. Бұл 2024 қолданыстағы бағалармен салыстырғанда 9,8%, салыстырмалы 0,6% артты. Ал көтерме сауда тауар айналымы 20,9% артты.

Ерназ Нұрланов, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша департаментінің басшысы:

Коммерциялық тасымалмен айналысатын көліктік емес ұйымдармен, кәсіпкерлердің жүк айналымының көлемі бағалауды есепке алғанда 2025 ж қаңтар-желтоқсан 6млрд.338,5 млн тонна км құрады. Бұл 2024 ж сәйкес кезеңінің 8 пайызға азайғаны байқалды.

Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 112,4 пайыз болды. Ал жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз. Жекелеген салаларда өсім тіркелгенімен, кейбір бағыттарда төмендеу байқалды.

Аяулым Усинова