Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша өңірде туберкулез ауруы 6,6% -ға төмендеді. Қазіргі заманғы медициналық технологиялардың алдын алу мен енгізудің арқасында оң динамика байқалады.
Соңғы он жылда облыс туберкулезбен күресте алға қадам басып келеді. Мамандардың мәліметінше, аймақта ауру көрсеткіші 23 пайызға төмендеген. Ал, өлім – жітім екі есеге азайды. Дәрігерлер балаларға ерекше көңіл бөледі. Нәтижесінде балалар арасында көрсеткіш 26 %-ға азайған. 2025 жылы балалар арасында туберкулезден қайтыс болған бірде – бір оқиға тіркелмеген.
Сәуле Слямғазина, облыстық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
2025 жылы облыстың перзентханаларында 7362 нәресте дүниеге келді. Оның 7195 нәресте БСЖ екпесімен қамтылды. Ол 97,7 пайыз құрап отыр. Жалпы перзентханаларда туберкулезге қарсы вакцинациялаумен қамту өткен жылмен салыстырғанда бір деңгейде қалып отыр. 2024 жылы бұл көрсеткіш 97,4 пайызды құраған.
Сырқатты ерте анықтаудың заманауи әдістері де енгізілген. Қазіргі таңда GeneXpert аппараты арқылы талдау нәтижесі небәрі екі сағат ішінде дайын болады. Бұл диагнозды жедел қоюға және емдеуді уақытылы бастауға мүмкіндік береді.
Болатбек Елшібеков, облыстық фтизиопульмонология орталығы стационарлық қызметтің басшысы:
Және де ДСҰ сәйкес дәріге төзімді туберкулез түрлерін емдеуді 12 айға дейін тиімді қысқарту Венециялық дәрілерді қолданбаумен емдеу. Тек қана таблеткалық түрде емделу қолданылады.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмысар жалғасын табады.
Гүлдана Айдарқызы