Зайсан көлі аумағында аэрациялық жұмыстар жүргізілді. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары бұл шараны тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Себебі қыста су қоймаларына мұз қатып, қалың қар жамылғысы түскен кезде балықтарға оттегі жетіспеу қаупі туындайды.

Әдетте, қаңтар-ақпан айларында қатқан мұздың астындағы оттегі таусыла бастайды. Әрі улы газды сыртқа шығару керек. Сондықтан жер-жерден ұңғыма қазылады. Ал, ауа жетпеген балықтар осы ойықтардың маңына жиналады.

Ерболат Құсайынов, Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы:

Аэрациялық жұмыстарға Зайсан балық инспекциясынан мамандары және 7 автокөлік 20 адам, 4 мұзойғыш жұмылдыруда. Аэрациялық жұмыстар әлі де жалғасуда. Таңда жоспар бойынша 300 дана қамыс шоқтары қойылу жоспарда.

Қалың түскен қар салдарынан мұздың тереңдігі 80 см-ден асады. Сондықтан сала мамандарына балықты құтқару шараларына ертерек кірісулеріне тура келді.

Көлге жақын орналасқан ауыл тұрғындары да мұзды тесіп, ойық жасап жәрдемдесуде.

Жанарбек Пешаев, Тұғыл ауылының тұрғыны:

Көл жағалап тұрғаннан кейін осы өзіміздің Тұғыл ауылы 80-90 пайызы көлде жүрміз. Осы көлдің арқасында жан сақтап жатырмыз, балаларымызды өсіріп, оқытып. Бұл енді өзіміздің көл болғаннан кейін балықты қорғау керек. Аулай білсек, балықты қорғап жатқанымыз.

Мұндай жұмыстар өңірдегі экожүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Бекарыс Секен