ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3477 әскери бөлімінің құрылғанына 66 жыл. Мемлекет үшін аса маңызды нысандарды күзететін әскери бөлім мерейтойын С.Аманжолов атындағы ШҚУ де жоғары деңгейде атап өтті.

Шараға шаһардағы түрлі бірлесе әрекет ететін органдар өкілдері, өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлім командирлері, әскери бөлім ардагерлері арнайы келді. Әскери бөлім қызметкерлері өздеріне артылған зор сенімді абыроймен атқарып, ел іргесінің берік болуы жолында өзіндік үлестерін қосып келеді. Мерейтойлық кеште қырыққа жуық қызметкер марапатталды.

Сардор Мұхтаров, ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3477 ә/б 2 арнайы комендатурасының коменданты:

Осы 66 жыл аралығында әскери бөлім қоғамға өте көп үлес қосты. Бүгінгі мерейтойға өте көп адамдар қатысуда. 66 жыл мерейтойға келіп отырғанына қуаныштымыз. Алдағы уақытта осы қоғамға үлес қосып, әскери бөлім өзін көрсетіп жоғары белестерден көрінеді деп үміттеміз. әскери бөлімі УМЗ АҚ да жауынгерлік қызмет атқарады. Күнделікті біздің әскери қызметшілер жауынгерлік қызмет атқарады.

Мерейтойға өңірдің түрлі кәсіпорын өкілдері қатысты. «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ мен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің басшылары ақжарма тілектерін жаудырып, әскери бөлімге сый-сыяпаттарын табыстады.

Медет Нұрсейітов, ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3477 ә/б арнайы жүктерді күзету взводының бөлініс бастығы:

Мен әскери бөлімде жұмыс істегеніме 15 жыл толып отыр. Бүгінгі 66 жылдық толуына орай шын жүректен құттықтаймыз мерейтойымызды. Осы әскери қызметке келгеніме байланысты қарауыл бастығы қызметін атқарамын. Әріптестерімізбен енді салада жұмыс істеп бір – бірімізді қолдап, жұмыс істеп жатырмыз.

Шара соңы мерекелік концертпен жалғасын тапты. Аймақ өнерпаздары әуелете ән салып, мың бұрала би биледі.

Гүлдана Айдарқызы