Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіне болашағы зор салаларға тартылған инвестиция мен өзара әріптестік аясында жүзеге асырылған жобалардың қосқан үлесі бар. Әсіресе, тау-кен, металлургия, ауыл шаруашылығы, туризм салаларын атап өтуге болады. Осы және өзге де бастамалар жайлы облыстық әкімдікте өткен кездесу барысында Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Дебора Робинсон мен облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов сөз етті.

Шығыс Қазақстанға арнайы сапармен келген Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Дебора Робинсон кездесу барысында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндігі зор, - деді. Негізгі мақсат экономикалық ынтымақтастықты нығайту. Түрлі салаға инвестиция тарту. Осыған дейін қолға алған бастамалардың оң нәтижелерімен бөлісу.

Кездесуде облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов өткен жылы АҚШ мен өңір арасындағы сауда-саттық көлемі 75 миллион ақш долларын құрағандығын жеткізді. Өскемен титан-магний комбинаты – жаһандық титан өндірісінің 16 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Өзге де ірі металлургиялық өндіріс кешендерінің өнімдері әлемдік нарықта сұранысқа ие.

Бұдан бөлек туризм саласында қолға алынатын жобаларға тоқталды. Риддер, Катонқарағай, Марқакөл аудандарының табиғаты шетелдік туристердің қызығушылығын тудыратыны анық. Кез келген салаға инвестиция тарту маңызды. Шетелдік инвесторларға да қолайлы жағдай жасалған. Сөз соңында аймақ басшысы Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Дебора Робинсонға алғыс білдіріп, бірлесіп жұмыс істеуге қашан да әзір екендігін жеткізді.