Шілікті - Ақжар бағытында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінге дейін 15 шақырымға асфальт төселді. Бұл шекаралық аймақтағы елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғыртып жол қатынасын жақсарту үшін қолға алынған жұмыстарадың бір бөлігі.

Жаңа тас жолды «ОблШығысЖол» ЖШС төсеп жатыр.Жоба аясында жолдың ені - 7 метр, асфальттың қалыңдығы - 5 сантиметр. Бұдан бөлек, аудандық мәслихат депутаттары мен «AMANAT» партиясы жанындағы бақылау тобы жұмыстың сапасын қадағалайды.

Салынып жатқан жол - тек қатынас құралы ғана емес, тіршіліктің күретамыры. Ал, халықтың көңіл күйі көтеріңкі, көпшілік атқарылып жатқан іске дән риза.

Төселген жолдың әр шаршы метр арнайы тексеруден өтіп, сапа стандарттарына сәйкестігі қатаң қадағаланады.Жолдың берік әрі ұзақ пайдалануға жарамды болуы – үшін барлық талаптар сақталады. Қара жолды салуға қажетті техника мен материал және жұмысшылар да жеткілікті.

Жаңа жол салынып жатқан Жаңауыл ауылдық округі - ауданның ең шалғай елді мекендерінің бірі. Мұндағы халықтың негізгі күнкөрісі - мал шаруашылығы. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдау да жеңілдей түседі.

Аудан басшылығы елдімекендер арасындағы жолдарды жақсартуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Ендігі міндет – құрылыстың сапалы әрі уақытылы аяқталуы.